Илецк станциясында өткен конференцияда автотежегіш жұмысын жақсарту мәселесі қаралды

Жаңалықтар
14.05.2024, 11:47
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Илецк станциясында локомотив және вагон шаруашылығы қызметкерлерінің қатысуымен автотежегіш тақырыбына арналған конференция өтті. Іс-шара мақсаты – жылжымалы құрамның тежегіш механизмінің дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ету.

Жиында ТЧЭ-27 – Илецк локомотив пайдалану депосының бастығы Ерболат Құсниязов сөз сөйлеп, конференцияға төрағалық етті. Өз сөзінде ол 2023-2024 жылғы қысқы кезеңдегі жұмыстарды ескертпе алмай жүргізгенін, пойыздар мен локомотивтерде тежегіштердің қатуына жол берілмегенін жеткізді. Сонымен қатар іс-шара кезінде екі шаруашылық бойынша, қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету жағдайына, жыл басынан бері жылжымалы құрамдардың тежегіш тетіктерінің жұмысына талдау жүргізілді.  

Илецк техникалық қызмет көрсету қосынының бастығы Рашид Байниязов пойыздардың кешігуіне жол бермеу үшін, сонымен қатар тежегіш тетіктерінің сапасын арттыру мақсатында жылжымалы құрамдардың тежегіштерін толық және қысқа сынақтан өткізу, оларды қарау технологиясын іс жүзінде көрсету арқылы техникалық сабақтар өткізу қажеттілігін айтты.  

Жол үстінде локомотивтердің тежегіш құралдарының жарамды жұмысын қамтамасыз ету үшін локомотив бригадалары локомотивтерді қабылдап аларда тежегіш датчигінің жұмысын тексеру, тежегіш иінтірегішін реттеу, сонымен қатар құм шаруашылығын да тексеру қажеттілігін ТЧЭ-27 бастығының орынбасары Александр Соболев атап өтті.  

– Локомотив бригадалары жол бойында автотежегіштердің дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз етуі керек. Ол үшін жылжымалы құрамның тежегішін пайдалану жөніндегі №1109-ЦЗ бұйрығы, 9 бөлімі бойынша нұсқаулықты ұдайы сақтап, орындап отыруы керек, – дейді Александр Соболев.  

Мұндай конференциялар өткізу жұмыс процесінде туындайтын мәселелерді шешу, сол арқылы пойыздар қозғалысы қауіпсіздігін және жылжымалы құрамның сенімді жұмысын қамтамасыз ету үшін қажет екені айтылды.

 

Аймақтар
05.09.2026
Сарыағаш вокзалы жаңғыртылып, жолаушылар үшін қайта ашылды
Жаңалықтар
04.09.2026
ҚТЖ: Жапониядан Қазақстанға химиялық өнімдердің алғашқы мультимодальды тасымалдауы ұйымдастырылды
Жаңалықтар
04.09.2026
Ақмола жүк тасымалы бөлімшесі – «Үздік теміржол ұжымы» байқауының жеңімпазы
Аймақтар
04.09.2026
Алматы және Қызылорда өңірлерінде «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Инфрақұрылым
04.09.2026
Ақтөбеде дуалды оқытудан өткен студенттерге еңбек кітапшасы табысталды
Аймақтар
04.09.2026
Тарихы терең Түрксіб
Станция тынысы
04.09.2026
Исатайда – жаңа вокзал
Қауіпсіздік
04.09.2026
Апаттың алдын алғандар
Қауіпсіздік
04.09.2026
Өз өміріңді тәуекелге тікпе...
Қауіпсіздік
04.09.2026
Тараздық күзетшілер мектеп оқушыларына қауіпсіздік сабағын өткізді
Жаңалықтар
04.09.2026
IQAS – тіл мерекесіне арналған QUIZ
ҚТЖ келбеті
04.09.2026
Заман көшінен қалмаған теміржолшы
Аймақтар
04.09.2026
Қараусыз мал: Маңғыстауда сегіз айда 6 рет мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
04.09.2026
Жаңа оқу жылына – бірге!
Жаңалықтар / Мұрағат
04.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №70 04 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
03.09.2026
Қазақстанның 100 теміржол вокзалында құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды
Жаңалықтар
03.09.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ локомотив бригадалары теміржол өткелдерінде 39 ЖКО алдын алды
Әлемде
03.09.2026
Өзбекстанда пойыз бен жеңіл көлік соқтығысып, төрт адам қаза тапты
Әлемде
03.09.2026
Болгарияда Alstom компаниясының Coradia Stream электропойыздары жолаушы тасымалын бастады
Жаңалықтар
02.09.2026
«Қызылжар – Мойынты» жаңа желісі басты жолының түйісуі аяқталды