Жұмыс орындарын құру қажет

Жаңалықтар
09.06.2017, 11:28
Оқуға 2 мин
Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаев Шу ауданында бірқатар теміржол мекемелерін аралады.  Шу қаласындағы темір жол вокзалының абаттандыру жұмыстарымен танысқан әкім «ЭКСПО-2017» көрмесі кезінде Шу вокзалы арқылы қатынайтын жолаушылардың күрт өсетіндігін және оларға көрсетілетін қызмет сапасын арттыруды тапсырды. Темір жол вокзалының абаттандыру жұмыстары бүгінде өз деңгейінде жүріп жатыр. Қыс айларында – 300, ал жазда 1000 жолаушыға дейін тасымалдап, 35 жолаушылар пойызын және 40 жүк пойызын қабылдауға қауқарлы вокзал жаңаша келбетке енген. Нысанның қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында үш бірдей тексеру құрылғысы және 19 бейнекамера тәулік бойына жұмыс істеуде.  Облыс әкімі сондай-ақ, Шу локомотив пайдалану депосы мен локомотив жөндеу зауытында болды. Бұл зауыт кезінде локомотивтерді техникалық жөндеуден өткізу, күрделі жөндеу, маневрлы локомотивтің қосалқы бөлшектерін дайындау және қалпына келтірумен айналысқан. Ал бүгінде заман талабына сай қолданысқа енгізілген жаңа электровоздар жөндеу жұмыстарын қажет етпейді. Сол себепті, зауытқа сұраныс күрт төмендеп, өндіріс ошағы тұралап қалған. Өңір басшысы қиындықтан шығудың жолын ойластыруды тапсырды. –Тапсырыс жоқ екен деп қол қусырып отыруға болмайды. Жан-жақпен келіссөздер жүргізу керек. Одан бөлек, зауыт аймағындағы қаңырап тұрған нысандарды темір жол саласына керекті мамандар даярлайтын колледжге айналдыру жағын да ойлану керек. Ол жастарға теория мен практиканы ұштастыруға өте қолайлы болар еді, – деген Кәрім Нәсбекұлы маневрлы локомотивтің қосалқы бөлшектерін дайындау және қалпына келтіру бойынша жұмысты қайта жандандыру жұмыстарын жан-жақты зерделеуді тапсырды. Ал Шу локомотив пайдалану депосында техникалық оқыту кабинеттерімен, 3D форматта сабақ беретін бөлмелерімен танысты. 

Ерман Әбдиев, Шу

Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті