Мал иелерінен қолхат алу керек
Станция жолдарына мал басы мен бөгде азаматтардың шығуы көптеген өндірістік кедергіге жол береді. Сондықтан бұл мәселені шешудің оңтайлы жолы – мал иесінен төрт түлігіне ие болу жөнінде қолқат алу деген пікір айтылды.
Жуырда Шу торабында жергілікті теміржолшылардың қатысуымен үйлестіру кеңесінің отырыс өтіп, оған көлік прокуратурасының, желілік ішкі істер басқармасының өкілдері қатысты.
Есепті мерзімде, яғни төрт айда бөгде адам мен қараусыз малдың кесірінен машинистер 713 жедел тежегіш қолданған. Өткен жылы бұл мезгілдегі көрсеткіш – 851 болатын. Оның 51-і мал басы, адам және көлік қағу бойынша орын алды. Әрине, төрт айда 17 адам басу оқиғасы орын алғаны өкінішті.
Шу ірілендірілген жол дистанциясының бас инженерің Б.Ченсызбаев Шу-Шоқпар, Шу-Хантау телімдерінің ең қауіпті аймақтарының 15 шақырымына қоршау жүргізу шаралары жоспарланып отырғандығын алға тартты. Ал Шу локомотив пайдалану депосының бас инженері Қуат Молдабаев станция басында мал басу немесе адам қағу оқиғалары негізінен жаяу жүргіншілердің рұқсатсыз жерлерден өту барысында орын алатындығын айтты. Және негізінен ішімдік ішкен немесе суицидке баратын азаматтар екен.
Шу станциясының төрт шақырымы қоршалмай тұр екен. Жиында Шу көлік прокуратурасының аға прокуроры Б.Жиенқұлов Шу ірілендірілген жол дистанциясының қызметкерлеріне болат жолдың бойын ала орналасқан қожалық иелеріндегі ірі қара, жылқы басын анықтап фото және бейнежазу жүргізу керектігін алға тартты.
- Сосын қожалық иелерінен малын қараусыз жібермеу жөнінде қолхат алу керек. Өйткені, темір жолда мал басу оқиғасы орын алғанда көп жағдайда мал иелері айыппұл төлеуден қашып, жалтарып жатады, - деді прокуратура өкілі. Бұл бастаманы Шу станциясындағы желлік ішкі істер басқармасы басшысының орынбасары К.Шәкіров те қолдады.
Ерман Әбдиев, Шу
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды