Экспоға аттанды
Атырау теміржол вокзалында ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне мұнайлы аймақтан атанып бара жатқан алғашқы лекті салтанатты түрде жолға шығарып салды.
Атырау облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы мен мұнай және газ университетінің елуден астам студенті ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін тамашалау үшін «Атырау – Астана» пойызымен елордаға аттанды. Бұл бүкіләлемдік көрмеге бара жатқан атыраулық студенттердің бірінші бөлігі ғана. Студенттер үш күндік бағдарлама бойынша алдымен ЭКСПО көрмесін тамашалап, Астананың әдемі жерлерімен танысады.
Атырау мұнай және газ университетінің студенттік бөлім басшысы Ұлдай Қойбақованың айтуынша, ЭКСПО көрмесін тамашалауға, топ-топқа бөлінген студенттер айына екі-үш реттен жіберіліп тұрады.
– Қыркүйек айына дейін университет бойынша екі мыңға жуық студенттеріміз халықаралық көрмені тамашалауға барады. Бүгінгі бара жатқан алғашқы топта негізінен белсенді, көшбасшы студенттер. Алдын-ала тур агенттікпен жасалған келісімшарт негізінде бізді күтіп алу, тамағы мен қонақ үйі барлығы университет қаржысынан болады. Бұл студенттердің бүкіләлемдік көрмені тамашалауына жасалған үлкен мүмкіндік, – дейді Ұ.Қойбақова.
Облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Қарлығаш Бекбаеваның айтуынша, Атырау облысында бүгінге дейін «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне 24 мың билет сатылды. Тағы да 28 мың билетті алу жөнінде келісімшарттарға қол қойылған. Мектеп оқушылары мен кәсіби-техникалық колледж студенттерінің Астанаға баруы үшін жергілікті бюджеттен арнайы қаржы бөлінген.
Тұрсын ҚАЛИМОВА
АТЫРАУ
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды