Дәстүрлі емес діннен сақтан...
Атырау теміржолшылары теологтардың қатысуымен «Қазақ халқының мәдениеті мен салт-дәстүрі және ислам діні» атты жиын өткізді.
Айтулы шараның мақсаты - тұрғындардың діни сауаттылығын арттыру,экстремизмнің алдын-алу, дәстүрлі рухани-имандылық, діни құндылықтарды насихаттау, кеңінен түсіндіру. Шараға Атырау облысы Дін істері басқармасы «Ақпараттық-талдау орталығының » бөлім маманы Ернар Абзалұлы, «Шапағат» Деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығының теологы Батырбек Убаев, осы орталықтың өкілі Амангелді Оразов, Атырау магистральдық желі бөлімшесінің антитеррорлық қорғау бөлімінің инженері Асқар Күзембаевтар қатысты. Теологтар теміржолшы мамандарға дәстүрлі дін мен жат ағым арасындағы айырмашылықтарды зерделеп айтып жеткізді.
Айталық, Ернар Абзалұлы тарихшы маман ретіңде Ислам дінінің қазақ тарихына қатысты деректерін айтып, бүгінгі күні дәстүрлі емес діни ағымдардың қазақты мұсылмандықтан ада ету жолындағы түрлі амалдарын айтып жеткізді. Ал, теолог Батырбек Убаев, қазақтың салт-дәстүрі,ырымы мен тиымына қатысты жағдайларды саралап айтып, ата-бабадан келе жатқан салт-дәстүр, ырым мен тиымдарды жоққа шығарушылардың көздеген мақсаттарын айтты. Арнаулы слайдтар арқылы дәстүрлі емес діни ағымдардың атаулары, яғни Сәләфилерден бөлініп шыққан Мадхалиттер, Суруриттер, Тәкфіршілер және Хаддадия туралы түсінік берілді. Оларды ұстанушылардың намаз оқу тәртібі, діни әдебиеттері мен дәстүрлі ата дінімізді ұстанушылардың намаз оқуы мен оқылудағы діни әдебиеттері, намаз оқу әдебі туралы, кімдердің уағыздарын тыңдау дұрыс,қандай әдебиеттерден сақ болу керектігі туралы кеңінен түсіндіріп берді.
Жиын соңында Дін істері басқармасының тапсырысыбойынша дайындалған «Ұл» атты шағын фильм көрсетілді. Теміржолшылар тарапынан қойылған сауалдарға теолог мамандар жауап берді.
Тұрсын ҚАЛИМОВА АТЫРАУ
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды