"Жеті қадам" жобасы жалғасуда

Жаңалықтар
04.06.2024, 11:25
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«Самұрық-Қазына» АҚ құрамындағы компаниялардың 50 жас өкілі «Жеті қадам» жас мамандарды оқыту және дамыту бағдарламасының бірінші модулін аяқтады.  

Бағдарламаға қатысушы компаниялардың арасында «ҚТЖ» ҰК» АҚ өкілдері де бар. Модуль мақсаты – әр қатысушының ішкі әлеуетін ашу, көшбасшылықтың жеке құндылықтары мен бағдарларын анықтау, тиімді басшылықтың негізгі дағдыларын қалыптастыру.  

– Оқу барысында көшбасшы деген кім, көшбасшы болу үшін қандай қасиеттер қажет, қандай құралдарды пайдалану керектігі айтылды. Сонымен қатар көшбасшының рөлі туралы баяндалды. Негізі барлық компаниялар арасынан 2 мыңдай жас маман қатысып, челлендж бен форум нәтижесінен 50 адам іріктеліп, таңдалған. Бағдарлама 7 модульге бөлінген. Әр модульдің өзіндік тақырыбы бар. Бірінші оқу модулі 24-25 мамырда Өскеменде басталды. Жеке тану стратегиясы, табысты адамның үштік кешені, табысқа жетуге ынталандыру, жауапкершілік, мақсат қою, өзін өзі ақтау сынды тақырыптарда мазмұнды ақпараттар алдық. Практикалық жұмыстар орындап, топтық тапсырмалар жүзеге асырдық, – дейді компанияның Бас есептеу орталығы Достық станциясындағы Бірінші желілік қолдау бөлімшесі филиалының жетекші инженер-электроншысы Құттыбек Мергембаев.  

Жобаға сонымен қатар Әлеуметтік саясат департаментінің менеджері Жақсылық Молдақұлов, Қарағандыдан электровоз машинист Айжігіт Әбдіғалықов, Қандыағаш станциясының бекет кезекшісі Азамат Сарбас, Атырау станциясының пойыз құрастырушысы Жандос Алтыбай қатысып, білім алды. «Жеті қадам» бағдарламасы өз командаларын табысқа жетелейтін және мемлекетімізге пайда әкелетін жаңа көшбасшыларды дамыту жолындағы маңызды қадам болып саналады.  

 

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті