Қандыағашта өткен қауіпсіздік кеңес
Ақтөбе электрмен жабдықтау дистанциясы басшылығының ұйымдастыруымен Қандыағаш қаласында «Электр қондырғыларын қауіпсіз пайдалануды ұйымдастыру» атты еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі тәжірибелік семинар болып өтті.
Шараға Ақтөбе және Орал бөлімшесінің энергетиктері жиналды. Мекеме басшысы Сәкен Орынбаевтың айтуынша, шараның мақсаты өндірістегі жарақатты болдырмау, еңбек қауіпсіздігін жақсарту, технологиялық және еңбек тәртібін жоғарылату, жедел-техникалық құжаттама жүргізудің сапасын арттыру, электрмен жабдықтау дистанциясы бойынша электр қондырғыларының құрамы мен қызмет көрсету көрсеткіштерін жақсарту.
Бүгінде Ақтөбе электрмен жабдықтау дистанциясына Орал дистанциясы да кіреді. Сондықтан бұл шараға Ақтөбе бөлімшесі бойынша Никельтау, Әйтеке би, Қандыағаш, Шұбарқұдық, т.б. тораптарындағы жауапты мамандармен қатар көрші Батыс Қазақстан облысынан да мамандар шақыртылды.
Семинар аясында Ақтөбе электрмен жабдықтау дистанциясының осы жылдың 5 айы бойынша қауіпсіздік және еңбек қорғау жағдайы бойынша мекеменің бас инженері Қуаныш Әленов баяндама жасады.
Оның хабарлауынша, өндірістегі ақаулардың болуына жұмыстардың дұрыс ұйымдастырылуы себеп. Жарақат алатындар электр бағандарында жұмыс істегенде қауіпсіздік ережелерін сақтай бермейді. Тексеру барысында техникалық құжаттамалардың әлсіз жүргізілетіні анықталған. Нормативтік-техникалық құжаттарды білмейтіндер де бар болып шықты.
– Барлығымыз білеміз, энергетиктер жұмысы оңай емес. Электр тоғымен жұмыс істеу қауіпті. Аса сақтықты қажет етеді. Оның өмірге, денсаулыққа қауіпті екенін еш уақытта естен шығаруға болмайды. Барлығымыздың отбасыларымыз бар. Үйде күтіп отырған бала-шаға бар. Сондықтан менің осы сөздеріме ерекше мән берулеріңізді сұраймын. Біздің жұмыста қателікке жол бермеу керек, – деді бас инженер.
Семинар барысында баяндамалар легінен кейін тәжірибелік бөлімі Қандыағаш станциясының дөңес паркінде жалғасты. Ондағы электр қондырғыларының жұмыс істеу барысымен білікті мамандар таныстырды. Сонымен бірге, трансформатор жұмыстары көрсетілді. Семинарға қатысушылар көкейде жүрген сауалдарын қойып, білікті кеңестер алды.
Ал тәуліктің екінші жартысында барлығы өндірістік полигонға шығып, монтерлардың жұмысты қалай бастауы керектігі жөнінде дәріс алды. Дистанция кезекшілері наряд толтырудан бастап, электр қондырғыларын жөндеуге дейінгі аралықта қандай процестерге мән берілу керектігін іс жүзінде ашық аспан астында көрсетті.
Қатысушылар алған білімдерін өз учаскелерінде өндірісте пайдаланатындықтарын жеткізді. Шара соңында дистанция басшысы оларға семинарға қатысқандарын растайтын сертификаттар табыстады.
Асқар Ақтілеу, Ақтөбе
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды