ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮЙЕЛІ
«ҚТЖ» ҰК» АҚ Маңғыстау электрмен жабдықтау дистанциясы темір жол көлігіндегі жүк және жолаушылар тасымалын, тұтынушыларды электрмен жабдықтауды үздіксіз қамтамасыз етіп отыр.
Электр қондырғыларының күтімін жасап, ақау мен апаттың алдын-алу, тексеру-жөндеу жұмыстары ҚР Электр қондырғыларын техникалық пайдалану ережелеріне сәйкес мерзімде, шығарушы зауыттардың нұсқаулықтарына сәйкес, ағымдағы жағдайына байланысты дистанция мен электр құрылғыларына жауапты тұлға арасында жасақталып, бір жылға бекітіледі. Бүгінгі таңда дистанция бойынша 10 кВ автоблоктау және бойлық электрмен жабдықтау жоғарғы кернеулі әуе желісіне көктемгі-жазғы профилактикалық, алдын-алу, тексеру-жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жоғарғы кернеулі әуе желісіне алдын-алу, жөндеу жұмыстары көктемде және күзде, яғни жылына 2 рет жүргізіледі. Ол кезде электр құрылғыларының жай-күйі тексеріліп, ағымдағы жөндеу жұмыстары жасалады.
Бүгінгі таңда қызмет көрсету аймағы Опорный станциясынан Болашақ – Түркіменстан шекарасына дейін, Бейнеу станциясынан Оазис станциясына дейін, Бейнеу станциясынан Тассай станциясына дейін, Боржақты станциясынан Ерсай станциясына дейін 1229,1 км құрайтын әуе желісіне алдын-алу, тексеру-жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін дистанцияның желілік бөлімшелерінен 7 бригада жасақталған.
Алдын-алу, тексеру-жөндеу барысында 10 кВ автоблоктау және бойлық электрмен жабдықтау жоғарғы кернеулі әуе желісі құрылғыларына тексеріс жүргізіліп, ағымдағы жөндеу – оқшаулағыштар тазаланды, олардың бүтіндігі, орнатылу беріктігі, КТП(О) трансформаторлары, олардағы май деңгейлері тексерілді. Бұған қоса, электро құрылғыларындағы қауіпсіздік белгілері жаңартылып, тірек негіздері боялды, желілік ажыратып-қосқыштар қалыпқа келтіріліп, боялды, сигналдық нүктелер де тексеріліп, талапқа сәйкестендірілді. Тексерістер барысында оқшаулағыштар мен траверстер, желі сымдары ауыстырылды, тіректер түзетілді.
Әсел ТАҢАТАРОВА,
Маңғыстау
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды