Бүгін соңғы «толаскез»...
Маңғыстау өңірінде алты айға созылған жол жөндеу жұмысы аяқталды. Ералы мен Жетібай станциялары аралығындағы 20 км жол күшейтілген орташа жөндеу көрді. Бүгін соңғы «толаскез».
Ағымдағы жылдың 25 қаңтарынан басталған шара теміржолды күрделі жөндеу және қалпына келтіру жұмыстарымен айналысатын Ағадыр машиналандырылған жол дистанциясы күшімен жүзеге асты.
Жөндеу жұмыстары кезінде Р-43 типті рельстер алынып, орнына Р-65 типті ауыр рельстер төселді. Бұрынғы төсем – рельс те шпал да 1968 жылы салынған көне материалдар еді. Ауқымды жұмысқа аталған дистанция директорының орынбасары бастаған жол шебері, биргадир, жол монтерлері мен механизаторлар бар, 60-қа жуық адам жұмылып, таңның атысы, күннің батысы тынбай еңбектенгеннің арқасы жоспарланған мерзімде біткелі отыр. Вахталық әдіспен 15 күн жұмыс жасап, 15 күн ауылдарында барып демалып келіп, жұмыс жасап жатқан жігіттердің әрқайсысы өзінің міндетін жақсы біледі. Төбеден төнген күннің қызуына қарамастан жұмыс қызған.
─ Жолшылар дәл қазір ескі жол мен жаңа жолды жалғау үстінде. Жеңіл рельстерді ауырына ауыстырдық. Неге десеңіз, келешекте мұнда жүк тасымалы ұлғаяды. Р-43 - жеңіл әрі біртіндеп айналымнан шығып бара жатқан рельстер. Қазір Қазақстан бойынша Р-65 типті рельстерге қажеттілік жоғары. Міне, мына жерлерде ағаш шпалдар орнаттық. Шіріп кетпесі үшін араларына қиыршық тастар төгіледі, – деп тәптіштей түсіндірген Шамсуддин Аллаяров өзін жол шеберімін деп таныстырды.
─ Өзіңізге мәлім, Өзен – Болашақ темір жолы, одан ары Түркіменстан мен Иранға жол ашылды. Осы жолмен транзиттік жүктердің артуына байланысты бізге мына жолды күшейту міндеті қойылды. Бұл учаскенің ұзындығы Маңғыстау мен Өзен арасында 180 км. Соның 120 км салынды. Яғни, Маңғыстау мен Ералы станцияларының жол арасы толық бітіп тұр. Енді мынау 20 км жол Ералы – Жетібай, 82-ші км мен 102-ші км арасы да жөнделіп, аяқталғалы отыр. Ары қарай, Өзенде, 117-157 км аралықтарында да Р-43 рельстері жатыр. Ол да кезек күтіп тұр, – дейді Ірілендірілген Маңғыстау жол дистанциясы басшысының күрделі құрылыстарды іске асыру жөніндегі орынбасары Жолдас Жетібай өндірістен ақпар беріп.
Түсінуімізше, осы қыркүйек айында Жол және имараттарды пайдалану департаменті тағы 25 км жол салуды жоспарлап отырған көрінеді. Сол сияқты келесі жылға 11 бекет пен 12 бекет арасындағы 20 км-ге, жаңа материалдар қолданылып, шпалы – темір бетонды, рельс – түйіспесіз жол салынатын болады деп күтілуде. Ал 2020 жылға дейін 12 мен 13-ші бекеттер, 13-ші бекет пен Шетпенің арасы жаңармақ.
Міне, осылай қаңтарда басталған жол жөндеу жұмыстары 6 маусым күні соңғы «толаскез» алынумен мәреге жетті.
Әсел ТАҢАТАРОВА,
Маңғыстау
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды