Жол күтімі жоғары
Ірілендірілген Қызылорда жол дистанциясына қарасты телімдердің жыл басынан бергі және мамыр айында пойыздар қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында жүргізген жұмыстары көңілден шығады.
Дистанция бойынша ақау орын алмаған. Пойыздар қозғалысына кедергі болған қауіпсіздік ережесін бұзушылық жағдайлары: пойыздың жолдан шығуы, жұмыс барысындағы апаттық жағдайлар тіркелмегенмен, бес ай ішінде жол бойына бөгде адам шығып кетуінен үш рет оқыс оқиға орын алған.
Ірілендірілген Қызылорда жол дистанциясының техникалық бөлім инженері Сағатбек Тумырзаев ағымдағы жылдың бес айында атқарылған жұмыстар жайлы айта келіп, иесіз мал мен адамдардың жол бойына шығып кетуі азаймай, жылжымалы құрамдардың қозғалысына кедергі келтіруде екенін мәлімдеді.
Жолаушылар және жүк пойыздарының кестеден кешігуіне себеп болатын тепловоз машинисінің шұғыл тежегіш басу жағдайы 2016 жылы 46 мәрте орын алса, биылғы жылдың мамыр айын қоса есептегенде және бес ай көлемінде 13 мәрте қайталанған. Оның 9 жағдайында жолға иесіз мал шықса, 4 рет бөгде адам кедергі келтірген. Жылжымалы құрамдардың қауіпсіз қозғалысына кедергі келтіретін мал-жанға сым қоршауларды жөндеу жыл бойы жалғасып келеді. Мамыр айында жоспарға сай 5,4 км сым қоршау жөнделіп қосымша 950 дана бағана орнатылып, теімдер бақылауға алынды, – дейді техбөлім инженері Сағатбек Тумырзаев.
Жол күтімінің балдық көрсеткіші бес айда 65 бірлік межесі 37 бірлік көрсеткішімен 143 пайызға орындалған. Жол күтімі техталапқа сай болуын бақылау жұмысына дистанция телімдерінде 24 ақаутапқыш арба жұмыс жасайды. Ақау тапқыш арбалармен жұмыс жасау кезінде 11 504 км негізгі жол, 631км қабылдап-жөнелту жолдары, 4538 жинақ жол бұрмалары, 3040 дана дәнекерленіп-пісірілген рельстер тексеріліп, ақаутапқыш арбасын пайдалану тиімділігі жүз пайызды құраған.
Дистанция телімдерін техникалық талапқа сай ету үшін ағымдық күтім жұмыстары жүргізілуде. Мамыр айында 2,3 км шойын жол жоспарлы алдын алу жөндеуден өткізілген. Сонымен қатар 105 жинақ жөнделіп, 1,0 мың оқшаулы түйіспелер іріктелген. 1,6 мың дана рельстік жалғағыштар дәнекерленген. 60,7 км сым қоршау жөнделген. Осы жұмыстардың бәрі телім бойынан жылжымалы құрамдардың кідіріссіз қозғалысын сақтау үшін жасалуда.
Сабырхан СЕЙІЛБЕКҰЛЫ, Қызылорда
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты