Қауіпсіздікті ширату күн тәртібінде

Жаңалықтар
21.06.2017, 14:38
Оқуға 2 мин
Жамбыл бөлімшесі директорының бірінші орынбасары Үмітбек Рысбековтың төрағалығымен жиын өтіп, онда станция басына мал басының шығуы және бөтен тұлғалардың белгіленбеген өткелдерден өту жайы талқыланып, оған көлік прокуратурасы және желілік ішкі істер басқармасының өкілдері қатысты. Үмітбек Есмұратұлының айтуынша, ағымдағы жылдың өткен төрт айында станция басында бір мал басу оқиғасы  және екі адам қағу оқиғасы орын алған. Ал Жамбыл магистральдық желі бөлімшесі жол бөлімінің басшысы Ғалымбек Батырбеков өткен жылы 11 мал басу оқиғасы орын алғандығын, оның қатарында бір ғана желтоқсан айының өзінде мұндай оқиғаның үш рет болғанын жеткізді. – Станция басында мал басу оқиғасы негізінен таңғы 6.00-7.30 уақыт аралығында және тәуліктің түнгі уақытында орын алады. Сондықтан, көру шектеуі нашар уақытта жолаушылар және жүк пойызының машинистері тежегішті басып үлгермей жатады. Ал Ірілендірілген Жамбыл жол дистанциясы қызмет көрсететін аумақтағы Жамбыл – Талас телімінде тұрғындар тығыз орналасқандықтан адам қағу оқиғасы жиі орын алады. Өткен жылы мұнда бес оқиға болды. Сондай-ақ мал иелерін анықтауда кедергілер өте көп. Кез келген қожалық иесі мал басу оқиғасынан кейін төрт түліктің өздеріне тиесілі емес екендігін айтып жалтарады, – деді ол. Жамбыл станциясындағы ЖІІБ қызметкері Б.Есентаев өткен жылы болат жолдың бойында, яғни белгіленбеген жерден өткен 994 азамат анықталып, оның 11-не 69 993 теңге айыпұл салынғанын, сондай-ақ, болат жолдың маңында малын жайған 32 азаматқа қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, 18-не әкімшілік айыппұл салынғанын айтып өтті.  Былтыр 49 пойыз жедел тоқтауға мәжбүр болған. Оның 26-сы темір жолға бөтен тұлғалардың, 12-сі мал басының шығуына байланысты тоқтаған. Жамбыл жол дистанциясының директоры Жүнісбек Табулдиев,  ағымдағы жылдың төрт айында қауіпсіздік мәселесі бойынша болат жолға жақын орналасқан елді мекеннің 1625 тұрғынына және 305 мектеп оқушысына түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, жаднамалар таратылғанын, желілік ішкі істер басқармасының қызметкерлерімен төрт азаматқа 18 555 теңге көлемінде айыппұл салынғанын атап өтті. Жиында болат жолдың бойын қоршау мәселесі де сөз болды. Бүгінгі күні Жамбыл магистральдық желі бөлімшесіне қарасты аумақтарда бұл жұмыстар тек 70-75 пайызға ғана орындалыпты.

Ерман Әбдиев, Жамбыл

Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты