Сатып алуды категориялық басқару

Жаңалықтар
21.06.2017, 15:08
Оқуға 2 мин
 Өткен жұма «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның «Сатып алуды категориялық басқару» жобасы бойынша инфосессия өтті. Жобаны ұйымдастыру маңызы мен мақсаты жөнінде оның демеушісі, ұлттық компанияның корпоративтік қамсыздандыру бойынша вице-президенті Ерик Имашев айтып, жиынды ашып берді. Бұл жоба компаниямыздың  стратегиялық мақсаттарға қол жеткізуіне септік етіп, 4 негізгі драйвер арқылы жүзеге асырылатын акционерлік капитал құнын арттыруға ықпал етеді. Бірінші драйвер – табысты ұлғайту, екіншісі – шығынды азайту, үшінші – қор бойынша айналымдағы капиталды оңтайландыру, соңғысы – логистикалық инфрақұрылым жөнінен тұрақты капиталды оңтайландыру. Жоба жоспарлы кестеге сай орындалады, – деді вице-президент. Жобаны жүзеге асыру нәтижесінде қажеттілікті басқару үдерісі, сатып алу категорияларын басқару әдістері және логистикалық инфрақұрылым мен қорды басқару жолдары өзгермек. Келесі баяндаманы «Жобаны ұйымдастыру және алғашқы нәтижелер» деген тақырыпта компанияның сатып алу мониторинг мен үйлестіру департаментінің директоры, жоба жетекшісі Қанат Камалов жасады. Мақсат – сатып алуды категориялық басқаруды енгізу арқылы сатып алу қызметінің тиімділігін арттыру болып табылады. Сонымен қатар  таңдалған 17 категория бойынша иеліктің жиынтық құнын төмендетіп, сатып алу шығынын оңтайландыру, логистикалық инфрақұрылымды оңтайландырудың жол картасы мен қорды толықтырудың модельдерін жасау да – басты мақсат, – деді жоба жетекшісі. Жоба тиімділігі – 2021 жылға дейін орташа есеппен 20 млрд теңге экономикалық тиімділікке қол жеткізу болып отыр. Ал аталған жоба бағытында «Сатып алу категориялық стратегиясының» жұмыстар статусы туралы жоба стримының жетекшісі В. Лях баяндап, қаржы жағынан шығын көп келтіретін дизельді, реактивті отын және электр энергиясы туралы айтты. Қазіргі таңда маусым айынан қазанға дейін жазғы маусымда дизельді отын құнын арттыратын жаңа акциздер енгізілуде. Осыған орай осы маусымға дейін екі ай бұрын отын сатып алатын болсақ, қаражат үнемдей аламыз, –  дейді В. Лях. Оның айтуынша, жоба бойынша бүгінде категориялық команда жасақталып, оны орындау жолдары мен кестенің детальды жоспары жасалған. Импорттық өндірушілер өкілдерімен алғашқы кездесулер өткізілген. Регламентке өзгерістер мен толықтырулар енгізуге ұсыныстар дайындалған. В. Лях өз ұсыныстарын жариялай отырып, бәсекелес ортаны шектейтін талаптарды қайта қарау керектігін, өңдеуге берушілермен тікелей жұмыс істеу, сапа мен санды бақылауды күшейту керектігін жеткізді. Қосалқы қор көлемін қалыптастыру жөнінен жобаны диагностикалаудың 1 кезеңі бойынша KPMG-дан жобаның аға менеджері Петр Соломатин, инфосессия соңында «Қосалқы қорды басқару» бағытының кеңесшісі Г. Баласанов «Батыс логистикалық торабы бойынша «Сатып алуды категориялық басқару» жобасы 1 кезеңін диагностикалау нәтижелері» жөнінде мәлімдеді.

Райхан РАХМЕТОВА

Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты