Эстетикалық талапқа сай

Жаңалықтар
21.06.2017, 15:12
Семей теміржолшылары тұрақты түрде сенбілік өткізіп, экологиялық екі айлық қорытындыланды. Әсіресе, Аягөз, Шар, Дегелең сынды іргелі станциялар теміржолшылары бір кісідей жұмыла кірісіп, желі бойын жайнатып тастаған.  Осыған дейін қарқынды түрде жүргізілген сенбілік жұмыстарының нүктесін қояр болсақ: қала ішін көктей өтетін желі бойының қос қапталындағы қоқыс қалдықтары толықтай тазартылды. Жаңасемей станциясы аумағына қарасты жеке сектор бойындағы тұрғынүйлер кооперативтеріне тиесілі гараждар аумағында қордаланған «қырық жыл» бойғы күлтөкпелер тонналап шығарылды. Бір бұл емес, желі бойындағы қураған бұталар мен ағаштар, көріксіз құрылыс қирандылары да тазартылып, көз жетерлік аумақтар эстетикалық талапқа сай етілді. Мұндай іргелі шаралар екі ай мерзім ішінде бөлімшеге қарасты станциялардың барлығында орын алды. Сол тәрізді нысандар маңайын ретке келтіру, әктеу, әрлеу, жөндеуден өткізу сынды шаралар да орын алып. әсіресе вокзал алаңдары мен перрондарда, Аягөз бен Жаңғызтөбе сынды станцияларда ауқымды жұмыстар жүргізілді. Қарқынды жүргізілген сенбіліктер барысында не бары екі күннің ішінде жүк машиналарымен 150 рейс қоқыс тасымалданған сәттер де орын алыпты.  Дегенмен бұл бағыттағы жұмыстарды аяқталды деуге болмайды. Ендігі аралықта айына екі мәрте санитарлық тазалық жүргізу мақсатында жергілікті сала қызметкерлері арасында сенбілік шаралары өткізіліп тұратын болады. Ал қазіргі күні көгалдандыру шараларына ерекше мән берілуде. Өткен жылы семейлік теміржолшылар өз күштерімен 20 мың түп ағаш көшеттерін отырғызған болса, ағымдағы жылы 30 мың тал көшетін екті. Бұл ретте сала мамандарына жергілікті орман шаруашылығының қызметкерлері қол ұшын беріпті. Отырғызылған жас өскіндердің  басым көпшілігін қарағай, қайың мен жеміс ағаштарын құрайды. Жол айрықтары мен шағын станцияларды, желі бойларын көгалдандырып, жасыл желекке айналдыру да жоспарда тұр.   

Қуаныш Қожаев, Семей

Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ станцияларды басқарудың жаңа цифрлық платформасын енгізуде
Трансформация
20.08.2026
Қазақстанда локомотив пен вагон өндірісі еселеп өсті
Инфрақұрылым
20.08.2026
Ақшолақ – Үшбұлақ аралығында ауыр жол техникасын қолдана отырып, темір жолы сауықтырылуда
Жаңалықтар
20.08.2026
Қазақстан Орталық Азияның теміржол желісін жаңғыртуға негізгі үлесті қосуда
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ ALT University-мен ынтымақтастықты дамытуда
Әлемде
20.08.2026
Қытай 2026 жылдың алғашқы жеті айында жолаушылар ағыны бойынша жаңа рекорд орнатты
Жаңалықтар
20.08.2026
Жыл басынан бері пойыздардың 44 әйнегі сынған
Әлемде
20.08.2026
Қырғызстан неліктен «Қытай - Қырғызстан - Өзбекстан» теміржол жобасының ұзын әрі қымбат бағытын таңдады?
Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда теңіз жүк тасымалының көлемі 7,2%-ға өсті
Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда жылу беру маусымына дайындық аясында 19 млн тонна көмір тасымалданды
Әлемде
19.08.2026
Еуропада жүк вагондарының дөңгелектерін тексеру талаптары күшейтіледі
Жаңалықтар
18.08.2026
Еліміздің алты өңірінде 2 мыңнан астам жүргізуші ҚТЖ-ның «Қауіпсіз өткел» акциясына қатысты
Жолаушылар тасымалы
18.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ пойыздарымен 7,5 млн жолаушы тасымалданды
Әлеумет
18.08.2026
ҚТЖ: отандық өндірушілерді қолдайды
Аймақтар
18.08.2026
Жүктемесі жоғары өткелдерде рейд өтті
Аймақтар
18.08.2026
Басты өлшем – қозғалыс қауіпсіздігі
Аймақтар
18.08.2026
Бурыл станциясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Қауіпсіздік
18.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар өткелдердегі қауіпсіздікті күшейтуде
Аймақтар
18.08.2026
Мал басу азайды
Аймақтар
18.08.2026
Еңбек заңнамасы талқыланды