Ынтымақтастықты дамытуға тағы бір қадам

Жаңалықтар
21.06.2017, 15:25
Оқуға 2 мин
«ҚТЖ» ҰК» АҚ басшысы Қанат Алпысбаев оныншы Астана экономикалық форумы мен Халықаралық көлік-логистикалық «New Silk Way» бизнес форумына қатысқан теміржол әкімшіліктерінің басшылары және көлік-логистикалық компанияларының жетекшілерімен бірқатар екіжақты кездесулер өткізді.  «ҚТЖ» ҰК» АҚ басшысы серіктестерімен көліктік-логистикалық  ынтымақтастықты дамыту жайын ақылдасып, екі ел арасындағы ортақ мәселелерді талқылады. Cosco Shipping Cо. Ltd. Бас директорының орынбасары  Е Вэйлун мен «Ляньюньган порты» МК» ААҚ президенті Чжу Сянянмен кездесуінде «Қазақстан – Қытай Еуразияның транзиттік көпірі» телекөпірінің қорытындысы мен «Ляньюньган қаласындағы қазақ-қытай халықаралық логистикалық компаниясы» мен «KTZE-Khorgos Gateway» ЖШС бірлескен қызметін дамыту жайы қаралды. Қ. Алпысбаев «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА мен COSCO Shipping компаниясы ұсынған ғаламдық логистикалық қызметті пайдалану жайына тоқталды. Сондай-ақ, кездесуде Қазақстан тарабы ұсынысымен Ляньюньган порты және АЭА Құрғақ порты арқылы жүк ағынын өсіру мәселесі талқыланды. Ченду қаласы (ҚХР) халық үкіметінің логистика және өткізу басқармасының бастығы Чэн Чжунвэй мен Әзірбайжан, Грузия теміржол әкімшіліктерінің басшылары Д. Гурбанов, М. Бахтадземен кездесіп, Орталық Азия, Иран, Түркия, Еуропа бағдарына контейнерлік жүктерді тасымалдау жайы талқыланды. Қазіргі таңда Чэндудан Еуропаға (Лодзь, Нюрнберг, Тилбург) пойыз тұрақты қатынауда. 2017 жылғы 4 айда Чэнду – Еуропа – Ченду бағдарымен 241 пойыз жіберілсе, өткен жылы осы мерзімде 45 пойыз ғана жасақталған болатын. «ҚТЖ» ҰК» АҚ басшысы Иран теміржолы әкімшілігінің вице-президенті Э. Мохаммедпен, «COALKO Development» ААҚ Директорлары кеңесінің төрағасы В. Драгановпен IRISL компаниясының президенті М. Саедимен кездесті. ҚТЖ басшысының теміржол әкімшіліктерінің басшылары мен көлік-логистикалық компанияларының жетекшілерімен кездесуі – екі ел арасындағы ынтымақтастықты дамытуға тағы бір қадам болғаны анық.

Иса БЕРКІМБАЙ, Астана

Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты