Құрылыс қарқынын арттырмақ

Жаңалықтар
27.06.2017, 11:10
Оқуға 2 мин
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ президенті Қанат Алпысбаев «Нұрлы жол» бағдарламасы шеңберінде екінші іске қосу кешені бойынша екінші жолдар құрылысы жалғасып жатқан Алматы-1 – Шу желісіне жұмыс сапарымен барып қайтты. Бой көтеріп жатқан нысандарды тексеріп шыққаннан кейін, оның қорытындысы бойынша Отар станциясында шұғыл кеңес өтті. Оған ҚТЖ филиалдары басшылары қатысты. Қанат Алпысбаев кеңеске қатысқан барлық кәсіпорын басшыларына құрылыс қарқынын жылдамдатып, жылдың соңына дейін негізгі жұмыстарды аяқтап, нысандарды пайдаланушы ұйымдарға беру керектігін міндет етіп қойды. Бірінші кезекте, Компания басшысы жақын арада барлық телімде жер телімі құрылымы бойынша жұмыстарды күшейтуге, энергетика, СОБ және байланыс үшін жабдықтарды жеткізу және монтаждауға, сондай-ақ, екі өтпе жолды салуға басымдық беруді ұсынды. Кеңес барысында құрылыс жұмыстарына жауапты бас мердігердің бірі «Теміржолжөндеу» ЖШС атына темір жол көлігі ардагері Қалтай Сәмбетов ескерту жасады. Оның айтуынша, соңғы уақытта аталған кәсіпорынның жұмысты күшейткенімен, кестеден кешігу бар екен. Сондықтан Жамбыл өңірі бойынша жұмысты ұйымдастыруда әбжіл қимылдап, еңбек резервтерін күшейту қажеттігін атап өтті.  Өз кезегінде «Теміржолжөндеу» ЖШС бас директоры ардагер айтқан ұсынымдар түгел орындалатынына жиынға қатысушыларды сендірді. «Қарқынды жұмыспен маусымды аяқтап, шілдеде ауа-райының қолайлығын пайдаланып қалу керектігін» Компания басшысы құрылысшыларға қарата айтып, сөзін түйіндеді.

Ислам ТАЛҒАТ

Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты