Үкімет отырысында – транзит тақырыбы

Жаңалықтар
30.06.2017, 13:49
27 маусым күні өткен Қазақстан Республикасы Үкіметінің мәжілісінде күн тәртібіне «Транзит, логистика және жол бойындағы сервисті дамыту мәселелері» шығарылып, тақырыпқа орай Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек, «ҚТЖ» ҰК» АҚ басшысы Қанат Алпысбаев және «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ президенті Ермек Қизатов есеп берді.   Үстіміздегі жылдың бес айында транзиттік тасымал көлемі едәуір артқан. Қазақстан транзиттік жүктерді тартуда қатаң бәсекелестікте тап бола тұрып, дәстүрлі халықаралық бағдарлар, Солтүстік және Оңтүстік теңіз жолы, Транссібір магистралына қарама-қарсы бәсекеге қабілетті құрлықтық бағдар  құра алғанын айтты  Жеңіс Қасымбек. «Бүгінде Еуропаға, Қытайдан Қазақстан арқылы жүктер шамамен 12-15 күнге жеткізіледі, ал бұл уақытта Оңтүстік теңіз жолымен жүк 45-60 күнде, Солтүстік теңіз жолымен 33-35 күнде, Транссібір магистралы бойынша 18-20 күнде жеткізіледі»,  деді министр. Оның айтуынша, Қытай – Еуропа – Қытай бағытында контейнерлік тасымал көлемі өткен жылы 2015 жылмен салыстырғанда 2 есеге өсіп, 105 мың ЖФЭ-ні құраған. Ал 2017 жылдың бес айында аталған бағыттағы тасымал өткен жылдың есепті мерзімімен салыстырғанда 2,2 есеге артық шығып, 59 мың ЖФЭ-ні құраған. Биылғы бес ай ішінде ҚХР-ЕО-ҚХР бағытында контейнерлік пойыздар саны 681 бірлікті құрап, 2016 жылдың ұқсас мерзіміне қарағанда екі есеге өскен. Жалпы былтыр Қазақстан аумағы бойынша халықаралық қатынаста 245 мың контейнер өтіпті, бұл көрсеткіш алдыңғы жылмен салыстырғанда 35,3 мың контейнерге артық. 2017 жылдың 5 айында транзитті контейнерлік тасымал көлемі 119 мың ЖФЭ-ні құрап, яғни өткен жылға қарағанда 1,5 есеге өскен. Жеңіс Қасымбек биылғы жылдың соңына дейін аталған көрсеткішті 320 мың ЖФЭ-ге жеткізу жоспарланып отырғанын, 2020 жылдың соңына дейін жалпы көлем 2 млн контейнерді құрайды деп күтілуде екенін жеткізді. Биылғы бес айда транзиттік тасымал көлемі 1,07 млн тоннаны құрап, ол өткен жылға қарағанда екі есеге өскен. Бүгінде Ақтау порты арқылы Транскаспий альтернативті бағдарын әрмен қарай дамыту іске асырылуда, мәселен, былтыр 13 мыңнан астам автокөлік өңделіп, 2015 жылдың көрсеткішінен 7 есеге артық шыққан. Ал 2017 жылдың бес айында Ақтау портында 5,4 мың автокөлік өңделіпті, бұл көрсеткіш 2016 жылдың есепті көрсеткішімен салыстырғанда 491 бірлікке артық болып отыр. Үкімет отырысында Трансқазақстандық халықаралық көлік дәліздерінің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету және жаңа жүк ағындарын тарту мақсатында «ҚТЖ» ұлттық компаниясында  жүргізіліп жатқаны жұмыстар легімен Қанат Алпысбаев таныстырды. Олар трансқазақстандық маршруттар арқылы транзиттік тасымалдар көлемін ұлғайту үшін жаңа жүк ағындарын тарту;  негізгі көлік дәліздері бойынша стратегиялық альянстар құру; сондай-ақ,  «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы мен «100 нақты қадам» ұлт жоспары шеңберінде көлік-логистика инфрақұрылымын дамыту, оны трансеуразиялық дәліздерге интеграциялау екен. Транзитті тасымал көлемінің өсімі бойынша мақсатты параметрлерге қолжеткізу альтернативті бағдарлармен бірге бәсекелестіктің жоғары деңгейі жағдайында қамтамасыз етілуде.  Қатаң бәсекелестікке қарамастан Қазақстанның бұл нарықтағы үлесі тұрақты өсімге ие. Мысалы, Қазақстанның 2011 жылы Қытай – Еуропа – Қытай құрлықтық бағдардағы үлесі 12% құраса, 2016 жылы Қазақстан үлесі 68%-ға дейін ұлғайып отыр. Ал 2020 жылға Қытай – Еуропа – Қытай бағдарында бұл үлесті 80% кем емес деңгейіне жеткізу мақсаты тұр, – деп атап өтті Қанат Алпысбаев. ҚТЖ басшысы, жаһандық логистикалық тізбектерді трансқазақстандық бағдарларға қайта бағдарлау  үшін  Ұлттық компания тарапынан көліктік-логистикалық қызметтерді дамыту және халықаралық көлік дәліздеріне біріктіру бойынша шаралар кешені жүзеге асырылып жатқанын жеткізді. Мәселен, 2017 жылдың бес айында транзитті жүк тасымалының көлемі  ҚР аумағы бойынша 5,6 млн тоннаны құрап, 2016 жылдың сәйкес мерзіміне қарағанда 6% артық шықса, осы жылдың соңына дейін аталған көрсеткішті 16 млн тонна деңгейіне жеткізу көзделген. Және де биылғы бес айдағы транзиттік тасымалдан кірген кіріс үлесі шамамен 30% құраған. «Үстіміздегі жылдың қаңтар-мамыр аралығында Қазақстан аумағы арқылы тасымалданған транзитті контейнерлер санының барлық бағытта өскені байқалып отыр. Транзиттік тасымал көлемінің өсу динамикасын қамтамасыз ету үшін біз негізгі дәліздер бойынша құрылған стратегиялық альянстар шеңберінде белсенді жұмысымызды жалғастыратын боламыз. Мәселен, ОТЛК бойынша Азия-Еуропа бағытында транзиттік тасымал көлемінің жылсайынғы екі есе өсімінің динамикасын сақтау бойынша жұмыстар жүргізілуде және де бұл көлемді  алдағы үш жылда 800 мың ЖФЭ-ге жеткізу көзделуде. Атап өтерлігі, осы бағытта жүргізіліп жатқан жұмыстың арқасында Еуропа-Қытай бағытына кері тиелім 55% деңгейіне қамтамасыз етіліп отыр. Ал Транскаспий халықаралық көлік бағдары бойынша, аталған бағдарға жаңа қатысушыларды тарту және оған Украина көлік желісін қоса отырып, дәлізді ұзарту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Аталған бағдар бойынша жылдың соңына дейін 5 мың ЖФЭ-ге жеткізу жоспарланып отыр» – деді Компания басшысы. Сонымен қатар ол осы жылдың қазан айында Түркия мен Грузия арасындағы шекарада  Карс-Ахалкалаки жаңа темір жол телімінің пайдалануға берілетінін, ал бұл өз кезегінде аталған бағдар бойынша транзиттік тасымалды дамытуға қосымша серпін беретінін атап өтті. Транзитті дамыту бағытындағы бір ауқымды шаруа Иран және Түрікменстан темір жолдарымен байланысты атқарылуда,  яғни осы жолдар арқылы «Солтүстік-Оңтүстік» дәлізі бойынша жүк ағынын тарту үшін жұмыстар жүргізіліп, аталған дәлізде биыл транзитті жүк тасымалын 5 мың ДФЭ-ге жеткізу межеленіп отыр.  Қанат Алпысбаевтың айтуынша, контейнерлік тасымалды дамытуда «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА маңызды рөл ойнайды. Биылғы жылдың бастапқы бес айында аталған арнайы экономикалық аймақтағы Құрғақ портта 63,5 мың контейнер өңделіп, былтырғыға қарағанда 3,5 есеге жоғары болған. Биылғы жылдың соңына дейінгі жоспар – 150 мың ЖФЭ. Ұлттық компания жетекшісінің сөзіне қарағанда, «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА дамытудағы маңызды элемент, ол Ляньюньган порты  және «COSCO Shipping» логистикалық қызметтер провайдері және ірі әлемдік теңіз операторы жобасына кіру.  Бүгінде ҚТЖ  Қазақстан аумағы арқылы халықаралық көлік дәліздеріне жүк ағынын тарту бойынша түрлі жүк тиейтін 17 қытай провинциясымен белсенді жұмыс жүргізіп отыр. Ал Елбасының Қазақстан халқына жолдаған «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекегеқабілеттілік» жолдауында қойылған, 2020 жылға қарай контейнерлік тасымал көлемін  2 млн ЖФЭ-ге дейін жеткізу бойынша міндеттерін орындау үшін Инвестициялар және даму министрлігімен Аталған мақсатты көрсеткіштерге қол жеткізу бойынша егжей-тегжейлі жоспар түзіліп, әзірленіпті. Қанат Алпысбаев Үкімет басшысын және отырысқа қатысушыларды осы және көліктік-логистикалық орталықтарды дамыту бағытында тындырылып жатқан шаруалар легімен таныстыра келіп, 2017 жылдың соңына дейін атқарылатын жұмыстар жоспарымен де бөлісті. Оның бірі Қазақстан аумағы арқылы транзиттік тасымал көлемін 16 млн тоннаға жеткізу болса, Қытай-Еуропа бағытындағы транзитті контейнерлік тасымал көлемін 203 мың ЖФЭ деңгейіне жеткізу. Сонымен қатар  Еуразиялық трансқұрлықтық бағдардағы серіктестермен контейнерлік тасымалды дамыту стратегиясын жолға қойып, нәтижесінде кері бағыттағы жүк тиелімін 70%-ге дейін жеткізу екен.

Сұлугүл БАКЕСОВА

Қауіпсіздік
04.03.2026
Шымкентте теміржолдағы жазатайым оқиғалардың алдын алу мәселесі талқыланды
Әлемде
04.03.2026
Белград-Будапешт жоғары жылдамдықты желісі жүк тасымалы үшін қолданысқа берілді
Жаңалықтар
04.03.2026
Теміржол инфрақұрылымын су тасқыны кезеңіне дайындау мәселелері талқыланды
Жүк тасымалы
04.03.2026
Қытай-Еуропа теміржол тасымалының әлеуеті артпақ
Жаңалықтар
04.03.2026
Теміржол саласын жаңғыртудағы әйелдердің рөлі
Жаңалықтар
03.03.2026
ҚТЖ мен Wabtec стратегиялық ынтымақтастық мәселелерін талқылады
Аймақтар
03.03.2026
Ел дамуының стратегиялық бағыты
Жүк тасымалы
03.03.2026
Алашаңқайдың әлеуеті артқан
Аймақтар
03.03.2026
Маңғыстау локомотив депосы жаңа тепловоздармен толықты
Аймақтар
03.03.2026
Электр желілері мен байланыс жүйесі жаңартылды
Аймақтар
03.03.2026
Тараз станциясында еңбек қауіпсіздігіне арналған тренинг өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
03.03.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №16 03 наурыз 2026 жыл
Жаңалықтар
02.03.2026
ҚТЖ-да қозғалыс қауіпсіздігі мен өндірістік көрсеткіштер оң динамика көрсетуде
Аймақтар
02.03.2026
Шар станциясында «Заң керуені» республикалық акциясы өтті
ҚТЖ келбеті
02.03.2026
Тәжірибелі тәлімгер
Қауіпсіздік
02.03.2026
Павлодарда 300-ге жуық адам жол ережесін бұзған
Спорт
02.03.2026
Бейнеуде теміржолшылар арасында спорттық жарыс өтті
Қауіпсіздік
02.03.2026
Шиеліде оқушыларға қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Аймақтар
02.03.2026
Су тасқынына дайындық күшейтілді
Әлемде
02.03.2026
Литвада Stadler компаниясының түйіспелі-аккумуляторлы пойызы сынақтан өтуде