Халықаралық стандартқа ие

Жаңалықтар
30.06.2017, 13:55
 Қазақстан темір жолына бес жылдан бері соңғы буынды локомотивтердің барлық сипаттарына: жоғары қуаттылық пен жылдамдыққа, үнемділікке ие электровоздар шығаруда бірегей кәсіпорын ретінде танылған – «Электровоз құрастыру зауыты» ЖШС IRIS халықаралық теміржол стандарттары талаптарына сәйкес келетін сертификациядан сәтті өтті.          Темір жол өнеркәсібінің халықаралық IRIS стандарты әлемдік деңгейдегі темір жол өнеркәсібінде танылған басқару жүйесін бағалай отырып беріледі. Alstom Transport француз компаниясының технологиясы бойынша ауыспалы тоқтағы жүк және жолаушы электровоздарын құрастыратын зауыт сапаның бірегей моносалалық стандарты болып табылатын бұл сертификатты Қазақстан бойынша  үшінші, ал жылжымалы құрам өндірушілер арасында бірінші болып иеленіп отыр. Alstom-ның Оңтүстік ТМД кластерінің басқарушы директоры, «ЭҚЗ» бас директоры Бернард Пелль бұл жетістікке ұжым қызметкерлерінің ауызбіршілігінің арқасында қол жеткенін атай келе, барша әріптестеріне олардың өз ісіне деген зор жауапкершілігі, кәсібиліктері үшін алғысын білдірді.  –Біз жаңа локомотивтерді өндіруге және сенімді пайдалануға бағытталған IRIS сәйкестендіру стандартының сертификатын алған пойыздардың алғашқы өндірушісі болып табылатынымызды мақтан тұтамыз. Аталған сертификат біздің тұрақты дамуымыз бен менеджмент сапасының жүйесі және тапсырыс берушілеріміздің арасында сәйкестіктің барын көрсетеді, – деді Бернард Пелль.  «Русский регистр» сертификация жөніндегі қауымдастығының директоры Ирина Носкова сертификатты зауыт басшылығына табыстай отырып, бұл сертификат зауыт өнімдерінің тек Қазақстан ішінде ғана емес, сонымен қатар достық ынтымақтастықтағы шетелдер нарығында да сұранысқа ие болуына ықпал етеріне сенім білдірді.         Шара барысында келген қонақтарға зауытты аралатып, цехтар жұмысымен таныстырған коммерциялық директор Андрей Ершовтың айтуынша, бүгінде зауыттан шыққан KZ8A сериялы жүк электровоздарының 42 және KZ4A сериядағы жолаушылар электровоздарының 24 данасы қолданыста. Қазіргі таңда зауыт Әзірбайжан еліне электровоз экспорттау жобасын жүзеге асыруда. 2019 жылға дейін оларға 40 электровоз экспорттау көзделіп отыр. 2015 жылы Alstom компаниясы және «ЭҚЗ» БК Әзірбайжан темір жолдарымен Әзірбайжанға 50 локомотив жеткізу бойынша келісімшартқа қол қойған болатын.            Зауыт қызметінің бір парасы «ҚТЖ» ұлттық компаниясының тапсырысы бойынша 2020 жылға дейін Prima электровоздарын жеткізу мен техникалық қызмет көрсетуден тұрады. Осы зауыттың негізінде  «ҚТЖ» компаниясы және «Альстом» француз компаниясы мен «Трансмашхолдинг» ресейлік машина құрылыс холдингі арасындағы стратегиялық әріптестік қаланған болатын. Кәсіпорынның жылдық өндірістік қуаттылығы 100 ауыспалы тоқтағы KZ8A магистралды жүк электровоз бен ауыспалы тоқтағы KZ4AТ жолаушылар электровозын жасап шығару. Бүгінде кәсіпорын қызметкерлерінің штаты 420 адамды құрайды.           Ал Alstom  компаниясының Қазақстанда 600-ден астам қызметкері жұмыс істейді, екі бірлескен кәсіпорыны және Астана қаласында локомотивтерді өндіру мен техникалық қызмет көрсету жөніндегі «ЭҚЗ» кәсіпорыны, бұған қоса бағыттағыш электр жетектерді өндіру бойынша Алматы қаласында «ҚазЭлектроПривод» екі зауыты бар. Alstom компаниясы электровоздар мен бағыттағыш электр жетектердің Орталық Азия мен Кавказдағы бірегей өндірушісі, сондай-ақ өңірдің теміржол өнеркәсібін жаңғырту және оның экономикасын дамытуды ынталандыратын басты қатысушысы болып табылады. Салтанаты шара соңында зауыт жұмысының алға басуына үлесін қосып жүрген еңбек озаттары Алғыс хатпен марапатталды.  

Райхан РАХМЕТОВА Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК

Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ станцияларды басқарудың жаңа цифрлық платформасын енгізуде
Трансформация
20.08.2026
Қазақстанда локомотив пен вагон өндірісі еселеп өсті
Инфрақұрылым
20.08.2026
Ақшолақ – Үшбұлақ аралығында ауыр жол техникасын қолдана отырып, темір жолы сауықтырылуда
Жаңалықтар
20.08.2026
Қазақстан Орталық Азияның теміржол желісін жаңғыртуға негізгі үлесті қосуда
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ ALT University-мен ынтымақтастықты дамытуда
Әлемде
20.08.2026
Қытай 2026 жылдың алғашқы жеті айында жолаушылар ағыны бойынша жаңа рекорд орнатты
Жаңалықтар
20.08.2026
Жыл басынан бері пойыздардың 44 әйнегі сынған
Әлемде
20.08.2026
Қырғызстан неліктен «Қытай - Қырғызстан - Өзбекстан» теміржол жобасының ұзын әрі қымбат бағытын таңдады?
Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда теңіз жүк тасымалының көлемі 7,2%-ға өсті
Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда жылу беру маусымына дайындық аясында 19 млн тонна көмір тасымалданды
Әлемде
19.08.2026
Еуропада жүк вагондарының дөңгелектерін тексеру талаптары күшейтіледі
Жаңалықтар
18.08.2026
Еліміздің алты өңірінде 2 мыңнан астам жүргізуші ҚТЖ-ның «Қауіпсіз өткел» акциясына қатысты
Жолаушылар тасымалы
18.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ пойыздарымен 7,5 млн жолаушы тасымалданды
Әлеумет
18.08.2026
ҚТЖ: отандық өндірушілерді қолдайды
Аймақтар
18.08.2026
Жүктемесі жоғары өткелдерде рейд өтті
Аймақтар
18.08.2026
Басты өлшем – қозғалыс қауіпсіздігі
Аймақтар
18.08.2026
Бурыл станциясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Қауіпсіздік
18.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар өткелдердегі қауіпсіздікті күшейтуде
Аймақтар
18.08.2026
Мал басу азайды
Аймақтар
18.08.2026
Еңбек заңнамасы талқыланды