Көмір тасымалын арттырмақ  

Жаңалықтар
30.06.2017, 14:10
Оқуға 1 мин
Семей теміржолының аймақ бойынша ең ірі клиенттік әріптесі саналатын «Қаражыра Ltd» ЖШС таяу жылдар аралығындағы жоспар ауқымын кеңейтті. Республика бойынша ең ірі саналатын көмір кенішінің басшылығы биылғы жылдан бастап көмір тасымалын арттырып, жылына 7-10 млн тоннаға дейін жеткізбек. Қазіргі күні толық қуатына енген, байтақ еліміз бойынша әлеуетті компанияға айналған «Қаражыра Ltd» ЖШС Семей әріптестік қатынастары аясын кеңейтуде. Кеніш орны ашылған 1991 жылдан бері 95 млн тонна көмір өндірілсе, соның жылына 6,0 млн тоннадан астамы тек теміржолмен тасымалданады екен. Ағымдағы жылдың бес айының көрсеткіші бойынша бөлімшеде көмір тиеу мен жеткізу ісінің ұлғаюы айқын байқалады. –Жасыратыны жоқ, осыған дейін жаздың алғашқы айларында қатты отынның тасымал қарқынының азаюы байқалатын. Бір бағытқа жөнелтетін 62 вагонды жасақтау қиынға түсетін. Ал, қазіргі күні бұл көрсеткіш екі есеге дейін артып отыр, жұмыс та көбейді, – дейді бөлімше басшысы Марлен Көкірекбаев. Соңғы екі ай бойынша Дегелең станциясынан республикамыздың түкпір-түкпіріне көмір тиеп ағылатын жылжымалы құрамдар саны күрт артқан. Сонымен қатар, локомотив тартымдылығы жоғарылап, оның есебінен де табыс еселене түскен. Анық айтқанда, қазіргі күні семейлік теміржолшылар көмір тасымалы бойынша бұрынғы жылдармен салыстырғанда ең жоғарғы мөлшерде жұмыс жасауда.

Қуаныш Қожаев, Семей

Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты