Олжас Бектенов Құрық және Ақтау теңіз порттарының дамуымен танысты

Жаңалықтар
25.09.2024, 18:27
Оқуға 2 мин

Премьер-Министр Олжас Бектенов Маңғыстау облысына жұмыс сапары аясында өңірдің көліктік-логистикалық әлеуетімен танысып, Ақтау, Құрық теңіз порттарына барды, деп хабарлайды Rail-news.kz. 

Құрық теңіз портын аралау барысында Премьер-Министрге жыл басынан бері жүктерді ауыстырып тиеу көлемі 1,5 млн тоннадан асып, жыл соңына қарай көлемі 2,2 млн тоннаға дейін жеткізілетіні баяндалды. Осы жылы порттың түбін тереңдету жұмыстарын аяқтау және астық терминалын іске қосу жоспарлануда. Логистикалық кластер құру және паром флотын жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Жалпы перспективалық жобалық қуаттылығы жылына 6 млн тонна жүкті құрайды. Жыл бойы Құрық теңіз порты автомобиль және теміржол паромдарын қабылдай алады, ол үшін 4 арнайы айлақ бар.  

Мұнда Олжас Бектеновке энергетикада, мұнай өңдеуде, химия өнеркәсібінде және т.б. пайдаланылатын "жасыл сутекті" өндіру бойынша қазақстандық-неміс инвестициялық жобасы және өзгелері де ұсынып көрсетілді. Кәсіпорынның қуаты 2 млн тоннаны құрайды. Инвестиция сомасы - 50 млрд еуродан астам. Жобаны іске асыру кезінде 40 ГВт тұщыландыру зауыты мен ЖЭК станциясын салу және пайдалану жоспарлануда. Жоба аясында 1,8 мың жұмыс орны құрылады.  

 Үкімет басшысы Ақтау теңіз сауда портының қуатымен танысты. Нысан Транскаспий халықаралық көлік бағдарын дамытуда шешуші рөл атқарады. Порт өзінің техникалық параметрлері мен құрылған бизнес–процестері бойынша қазіргі заманғы халықаралық стандарттарға сәйкес келеді. Техникалық жарақтандыру жүктердің кең номенклатурасын өңдеуге мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда объектінің өткізу қабілеті 11 млн тоннадан асады. Үш мұнай құю және үш құрғақ жүк айлағы, өткізу қабілеті 800 мың астық терминалы, сондай-ақ паром кешені жұмыс істейді. Ағымдағы жылдың 8 айында порт арқылы жүктерді ауыстырып тиеу көлемі 3 млн тоннадан асты, негізгі бағыттары – Иран, Түрікменстан, Әзірбайжан, Ресей және т.б.  

Мұнда Ақтау портының базасында контейнерлік хаб салу жоспарлары туралы баяндалды. Инвестор ретінде Қытайдың ең ірі порт компанияларының бірі – «Ляньюньган порты компаниялар тобы» ЖШҚ тартылды. Инвестициялық жоба тасымалдауды орта және ұзақ мерзімді жоспарлауға ықпал етеді және жүктерді жеткізу үшін қолайлы жағдайлар жасайды деп күтілуде.  

Премьер-Министр халықаралық көлік дәліздерінің түйіскен жерінде орналасқан Маңғыстау облысының стратегиялық маңызын атап өтті.

"Мемлекет басшысы Үкімет алдына порттарымызды Каспий теңізінің жетекші хабтарының біріне айналдырып, трансформациялау туралы стратегиялық міндет қойды. Қазақстанның географиялық орналасуы біздің артықшылығымыз болып табылады, оны толық көлемде пайдалану қажет. Маңғыстау облысының қуатты транзиттік, логистикалық және инфрақұрылымдық-сервистік әлеуеті бар, оны дамыту қажет. Сондықтан отандық теңіз көлігі-логистикалық кластерін кеңейтуге мүмкіндік беретін жаңа жобаларды іске асыру аса маңызды", — деп атап өтті Олжас Бектенов.

 

Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды
Жаңалықтар / Мұрағат
06.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №79 06 қазан 2026 жыл
Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті