Әйтеке биде  жаңалық көп

Жаңалықтар
04.07.2017, 10:06
Оқуға 2 мин
Әйтеке би  – осыдан он жыл бұрын салынған «Хромтау – Алтынсарин»  магистрлының бойында ашылған станция. Станция басшысы Жандос Әбдіжәлелов бүгінде тиелетін астық көлемінің артып келе жатқанын жеткізді. -Жыл басынан бері көрсеткіш артып келеді. Тәулігіне төрт астық тасымалдайтын вагон тиеледі. Қосымша вагондар жалға алынып жатыр. Астақ негізінен Солтүстік Кавказ бағытына қарай жөнелтіледі, - дейді станция басшысы. Айта кетейік, Әйтеке би станциясында штаттық кестеге сәйкес 34 адам қызмет етеді. Биылдан бастап жүк және жедел жұмыстарға жауапты басшы орынбасары штаты ашылған. Станция басшысының айтуынша, дәл қазір текше тас тиеу жұмысы тұралап тұр. Дегенмен, тамыз айында текшетас өндірісімен айналысатын кәсіорын жұмысы араға бір жарым жыл салып қайта жанданбақ. Сосын,  тамыз айында көмір тасымалы да басталады.  . Маңғыстаудың ақ тасына да сұраныс артып келеді екен. Жергілікті жеңіл ақ кірпіштер де тасымалдана бастаған, құрылыс блоктары да көптеп жеткізілуде. - Біздегі тағы бір жаңалық, ЭКСПО көрмесіне орай жолаушылар пойыздары саны артты. Бүгінде Астана мен батыс аймақтағы облыс орталықтарын жалғайтын бір емес, екі пойыздан бар. Әсіресе, отандық «Тұлпар-Тальго» пойыздары көбейіп,  біздің станцияда да жұмыс көлемі артты, - дейді станция басшысы. Бүгінде станцияға кіре беріс көздің жауын алады, жасыл желек жайқалып тұр. Сонымен бірге, теміржол мен ауылдың арасы бұрын бос кеңістік болса, осы жылдан бастап  вокзалға апаратын жол төселіп, аллея жасалып жатыр. Гүлзарлар отырғызылып, отырғыштар қойылуда. Жергілікті әкімдік қолға алған абаттандыру жұмыстары қыркүйек айына дейін аяқталады деп күтілуде.

Асқар Ақтілеу, Әйтеке би

Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты