Кәсіби теміржолшылар – Шиеліде
Қызылорда темір жолының Шиелі станциясы өндіріс орындары шоғырланған аймаққа жақын орналасқандықтан, жыл он екі айда жұмыс бар. Станцияның тынымсыз тіршілігіне әбден төселген шиелілік теміржолшылар мамыр айында 33 вагонға жүк тиеу жоспарын 62 вагонға жеткізіп, екі есе артық орындаған.
Ал бес ай ішінде 499 вагонға 28 721 тонна жүк тиеген. Сондай-ақ, мамыр айында 920 вагоннан жүк түсіріліп, бес айда 5200 вагоннан жүк түсірген.
Шиелі станциясы бастығының орынбасары Нұрғали Әбжаппаровтың айтуынша, Шиелі станциясының теміржолшылары әр айдың жүк тиеу, түсіру, жүк құжаттарын рәсімдеу және станциялық жұмыстар межесін артығымен орындап отыр. Тек мамыр айында 985 жүк вагоны, бес айда 5720 вагон бекеттің кірме жолдарына берілген. Мамыр айында станция жолдарында 1444 вагонды 27 жүк пойыз тарқатылып, 45 жүк пойызына 1550 вагон құрастырылған. Бес айда 172 пойыздың 3525 вагоны тарқатылса, олардан 7095 жүк вагоны жегілген 212 вагон құрастырылған. Станцияда 10 жол мен 13 бағыттамалық және бірнеше кірме жолдар бар.
– Вагондарды белгіленген жолдарға шығару, кірме жолдардан алу, ұзын және қысқа құрамды пойыздардың қабылданып-бөлшектеліп таратылуы мен қайта құрастырылу, олардың құжаттарын рәсімдеу секілді жұмыстардың бәрі уақытылы атқарылып, әрбір теміржолшы өзіне жүктелген кәсіби міндетін атқарып, бекітілген жоспарлардың асыра орындалуына үлес қосуда.
– Бізде өз жұмысын бес саусағындай меңгерген кәсіби теміржолшылар көп. Станция кезекшісі Лұқпан Смайлов, станция кезекшісі жанындағы оператор Гүлзира Жүсіпова, тасымал құжаттарын өңдеу операторы Тоғжан Піржанова, пойыз құрастырушы Ислам Қарамұрзаев, парк кезекшілері Әзімхан Кісенбаев пен Әмзеғали Әбіловтер ерен еңбегінің арқасында ұжымға сыйлы да беделді жандар, – дейді Шиелі станциясы бастығының орынбасары Нұрғали Жүрсінұлы.
Сабырхан СЕЙІЛБЕКҰЛЫ, Шиелі
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты