Меңлібайдың мәселесі...
Шымкент – Түлкібас темір жолының ортасындағы жаңадан ашылған Меңлібай станциясынан жүк тасымалдана бастағалы екі жыл өтсе де, ондағы теміржолшыларға қолайлы жағдай жасау мүмкіндігі болмай отыр.
Жаңа бекеттен жарты жылда 560 тоннаға жуық 7882 вагон қиыршық тас тиеліп, жоспар орындалып келеді. Станциядағы он үш теміржолшы бөлімшенің штаттық кестесінде. Түлкібастың әр ауылынан немесе Шымкенттен қатынап жұмыс істейтін оларға жұмыс орнына келіп-кетудің өзі оңай болмай отыр.
– Бекет маңынан 20-30 метр тереңдікке дейін құдық қазғанмен, тастақ жер болған соң су шықпады. Көлігі барлар ауызсуды бес км қашықтағы Састөбеден ала келеді. Меңлібайға дейінгі көлік жолы нашар. Қар мен жаңбырда езіліп, батпақтанып жатады. Карьерді ашқан кәсіпкерлер Састөбеге дейін екі бағыттық алты км жол мен төрт-бес бөлмеден тұратын ғимарат салып берген. Қазір станция жұмысшыларынан бөлек жолшы, байланысшылар осында қона жатып, еңбек етеді. Ауысыммен еңбек ететіндер де кейде үйіне жете алмаса осы жерде қонып қалады, – дейді бекет бастығы Рысжан Жаманқараев.
«Стандарт Цемент» зауытының басшылығы мен теміржолшылар тарабы уақытша келісімшартқа тұрғандықтан, әлі жұмысшыларға арналған ғимаратты салуды қолға алмаған. Яғни, бекет толығымен теміржолға өтпеген. Бірақ кәсіпкердің де қарамағында емес. Ал, станцияда жұмыс қарқыны артып келеді. Күн сайын орта есеппен елу вагон қиыршық тасты екі жылдан бері үздіксіз тиеп, Текесу, Қазығұрт сынды бекеттерден қалыспай келеді. Бірақ, дәрежесі бесінші класты болғасын қатынып жұмыс істейтін теміржолшылардың жалақысы аз.
– Сондықтан, арманымыз бекеттің сыныптық дәрежесі жоғарылатылса екен дейміз, сонда жалақы деңгейі сәл де болса көтерілер еді. Сосын, әрі жұмыс кеңсесі, әрі жатақхана болып отырған бір ғимарат тарлық етуде, теміржолшыларға арналған қызметтік үй салынса, – дейді бекет бастығы.
Динар МЕЙІРМАН, Шымкент
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты