Ақпараттық технологияда жаңа үрдістер

Жаңалықтар
04.07.2017, 10:23
Ұлттық компанияның ақпараттық технологиялар және мәліметтерді басқару департаментінің ең негізгі міндеттерінің бірі – ақпараттық технологиялар (АТ) активтерін басқаруға бақылау жүргізу. Осы жылдың наурыз айында департамент теміржолдағы 1500 жұмыс станциясын Microsoft Office 365 бағдарламалық қамту бойынша жобаны бастады. Бұл өнім жазылушылар базасы арқылы ұсынылады. Енгізу жоспары жасалып, АТ инфрақұрылымына талдау жүргізілді және аталған бағдарламалық қамту орнатылатын жұмыс станциялары анықталды. Бүгінгі таңда жоба шеңберіндегі жұмыстар аяқталуға жақын.  Қоғам алдында Microsoft Office БҚ бойынша лицензиялау жұмыстарын шешу міндеті тұр. Microsoft компаниясы өздерінің ресми жолдауларында бұған дейінгі лицензияларды растау туралы мәлімдеген болатын. Аудиттік тексеріс бола қалған жағдайда Microsoft-тың Қоғамға айыппұл санкцияларын салу қаупі бар. Мәселені шешу үшін департамент құрылымдық теміржол бөлімшелері мен еншілес кәсіпорындардан Microsoft Office өнімдеріне лицензияға сұраныс жинауды бастады. Сонымен бүгінде Қоғам филиалдары мен корпоративтік орталық бойынша 10928 лицензия қажеттілігі, еншілес ұйымдарға 8753 лицензия керектігі анықталды. Жалпы қорытындысында – 19681 лицензияға сұраныс бар. Қажетті лицензиялар көлемінің көптігі мен қаражатты үнемдеу қажеттілігіне байланысты құрылымдық бөлімшелермен бірге қажеттіліктерді азайту мақсатында қайта есептеу жұмыстары жүргізілуде. Қажеттіліктер бойынша сауалнамалар қайта жасалып, әрбір санның растығына қатты назар аударылуда. Оның қорытындысы жақында белгілі болмақ. Содан кейін жетпейтін лицензияларды тезірек алу керек. Қаржыны үнемдеу үшін қолданушылардың бір бөлігін қолданыс үшін төлемақы сұрамайтын опенсорс шешімге аудару жөнінде мәселе қарастырылуда. Қазіргі таңда осы опенсорс шешімдер арқылы теміржол желісінде қолданылатын ақпараттық жүйелердің үйлесімділігіне толық талдау жүргізілуде. Оның нәтижесі оң болса компания Microsoft Office өнімдеріне лицензия сатып алу шығындарының бірқатар бөліктерін қысқартпақ. Соңғы айларда департамент компанияда ақпараттық технологияларды дамытуға арналған стратегиялық бағыттарды анықтауға күш салуда. Бұл қызметтің нәтижесі ретінде 2025 жылға дейін «ҚТЖ» ҰК» АҚ ақпараттық технологияларды дамыту стратегиясы» деп аталатын – «Сандық теміржол»  құжаты қарастырылады. Бүгінде аталған құжат компанияның ғылыми-техникалық кеңесі тарапынан қолдау тапты. Келесі қадам ақпараттық технологияның даму бағытын шілде айында басқарма арқылы келісіп, тамыз-қыркүйекте директорлар кеңесі арқылы бекіту болып отыр. Сонымен қоса оны басқару бойынша тиімді үрдістердің маңыздылығын атап өту керек.  Бұл жағынан барлық мәселелер үрдістік тұрғыдан қарау көзқарасының жоқтығынан болып отыр. Жыл басынан бері департамент ақпараттық технологияны басқарудан ең бір қиын, өзектілерінен бастап үрдістерді енгізіп келеді. Маусым айында қоғамның АТ қолданушыларына қызмет көрсету үрдісі бойынша шешімдер анықталып, тәртібі жасалды. Осындай жұмыстардан соң АТ қызметтерді ұсыну сапасы анағұрлым жақсарады деп күтіліп отыр. Жыл соңына дейін осы бойынша өзге де үрдістерді енгізу жоспарлануда. 

Райхан РАХМЕТОВА

Аймақтар
28.04.2026
Көлік полицейлері вокзалда жолаушыға алғашқы медициналық көмек көрсетті
Әлемде
28.04.2026
Индонезияда екі пойыз соқтығысып, 14 адам қаза тапты
Инфрақұрылым
28.04.2026
Басты көрсеткіш – сапа
Инфрақұрылым
28.04.2026
ТХКБ: Ортақ мүдделердің тоғысуы
Жаңалықтар
28.04.2026
Вице-министр Ж. Тайжанов Орынборда теміржол инфрақұрылымын дамыту мәселелерін талқылады
Қауіпсіздік
28.04.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Жүк тасымалы
28.04.2026
Транзитті дамытудың маңызды факторлары
Қауіпсіздік
28.04.2026
Жамбылдық теміржолшылардың қауіпсіздік ұстанымы
ҚТЖ келбеті
28.04.2026
Танымал тұлғаның тағлымды жолы
Аймақтар
28.04.2026
Еңбекті қорғау күні: Маңғыстауда теміржолшы Нұрболат Жасановты еске алу турнирі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
28.04.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №32-33 28 сәуір 2026 жыл
Аймақтар
27.04.2026
«Қазақстанда жасалған» вагондарға сұраныс бар
Аймақтар
27.04.2026
Машинистер білімін арттыруда
Әлемде
27.04.2026
Ресейде теміржол өткелдеріндегі жол-көлік оқиғаларының саны 51%-ға өсті
Жаңалықтар
27.04.2026
Қонаев станциясында адам саудасына қарсы акция өтті
Жаңалықтар
27.04.2026
«Бақты – Аягөз» теміржол желісінің құрылыс барысы тексерілді
Аймақтар
27.04.2026
Абай облысында 10 теміржол вокзалы жаңғыртылады
Әлемде
24.04.2026
CRRC Нинбо қаласының маңындағы желілерге арналған жүрдек пойызды таныстырды
Инфрақұрылым
24.04.2026
Алтынкөл – Жетіген теміржол учаскесін жаңғырту аяқталды
Трансформация
24.04.2026
ТЖЫҰ: XL мерейтойлық жиын өтті
MyQaz.kz