Қонақжай қала қақпасының қожайыны

Жаңалықтар
04.07.2017, 10:40
Оқуға 3 мин

Түркістан – қонақжай қала. Тарихы тереңде жатқан көне шаһарды көруге жылына екі рет Үрімші – Ташкент – Самарқан – Ашхабад  бағытындағы туристік пойыз келеді. Жылына бірнеше рет өтетін рухани, мәдени іс-шараға шақырылған қонақтар да алдымен теміржол вокзалына табан тірейді. Оған күнделікті ағылған өткінші пойыздар, ары-бері сабылған өткінші пойыздар жолаушыларын қосыңыз.  Осылардың бәріне тәулік бойы қызмет көрсететін  түркістандық вокзал қызметкерлері жылы сөзге әбден лайық.   Шаһардың бас қақпасын 2005 жылдан бері басқаратын Айдархан Байдәулетов  теміржолға 42 жылын арнаған. Осы вокзалдың ыстық-суығына тоңып жүргеніне 26 жыл болған жан қала халқына сыйлы, абыройлы, «Түркістан қаласының Құрметті азаматы» атанған. Ширек ғасыр ішінде  тарихи шаһарға келіп-кетіп жатқан қаншама арнайы, мерейтойлық  пойыздардың талайын күтіп алып, шығарып салған тәжірибесі де жетерлік.  Міне, ширек ғасыр болды, вокзалдағы қызмет көрсету сапасы  Түркістанның беделіне нұқсан келмеуін қатаң талап ететін басшының  сөзін қарамағындағылар екі еткен емес. Түркістан вокзалына қай кезде жолыңыз түспесін, оңтүстікше қамқор да бауырмал жандардан  айрықша қонақжайлылықты сезінесіз.  Өткен жылы толық күрделі жөндеуден өткен вокзалдың  халыққа көрсетер сервистік қызметі арта түскен.     - Түркістанның 1500 жылдық тойынан кейін 15 жылдан бері жөндеу көрмей тозығы жеткен ғимаратты қалпына келтіру үшін  қанша жерге  хат жазып, қашан жөндеу біткенше тыным таппаған  Айдархан Ағыбайұлының  еңбегі ерен,- дейді  2004  жылдан бері вокзал бастығының кезекші көмекшісі міндетін атқаратын Гүлжан Тұрғанбаева. Өзін  Байдәулетовтің шәкірті санайтын   Гүлжан  1991 жылы Алматы темір жол техникумын байланыс мамандығы бойынша бітіріп, вокзалда кассир, жүк қоймасында жүк қабылдаушы т.б. жұмыстарды атқарған тәжірибелі жан.  Гүлжан секілді вокзал бастығының алты кезекші көмекшісінен бөлек   тағы алты вокзал кезекшісі бар екен. Анықтама бөлімінде де алты маман ауысым бойына жолаушыларға қызмет көрсетеді. – Түркістанға  тәулігіне 18-20  жұп пойызы аялдап,  500-600 жолаушы, жылына тоқсан бес мыңның үстінде жолаушы қатынайды. Қосымша Ташкент – Мәскеу, Ташкент – Уфа, Ташкент – Орынбор,  Ташкент – Самара пойыздары да аялдайды. Ауысымға түскен соң тоғыз сағат аяқтан тұрып еңбек етуге тура келеді, әр пойыз аялдап тұрғанда жолаушы мен шығарып салушының, күтіп алушының қауіпсіздігін қадағалап тұрамыз, - дейді Гүлжан Иманқұлқызы. Осы көктемдегі Түркі халықтарының Наурыз тойы Түркістанда тойланды. Сонда алыс-жақыннан келген ағайынға Гүлжауһар Есенқараева, Гүлмира Қалдыбекова, Ілияс Қанайбеков, Қанафия Досаев, Шарбан Қабаева, Нүрия Минаммудинова, Тұрсынай Қонысова сынды вокзал қызметкерлері  тәулік бойы тік тұрып қызмет көрсетіпті. Қонақжай қала қақпасының қожайыны Айдархан Байдәулетов оларға  мінсіз қызметі үшін алғыс жариялапты.    

Динар МЕЙІРМАН, Шымкент

Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты