Ерасыл ертеңіне сенеді  

Жаңалықтар
04.07.2017, 10:59
Оқуға 2 мин
Ерасыл Жаңбырбаевтың жаңа Шалқар-Бейнеу теміржол тармағына жұмысқа араласқаны кеше ғана сияқты еді, міне бүгінде саладағы өзгерістерге байланысты Хромтау-Алтынсарин теміржолы аралығына жолдама алды. Еңбек жолын екі жыл бұрын бастаған 22 жастағы жас теміржолшы бүгінде жаңа ортаға бейімделіп, Шалқардан біршама алыста жатқан Әйтеке би станциясындағы вагондарға техникалық қызмет көрсету бекетінде вагон қараушы болып еңбек жолын жалғастыруда.   -Шалқар-Тассай теліміндегі Аққайтым станциясында сигнал беруші болып еңбек жолымды бастадым. Мен үшін жаңа ұжым, жаңа орта, жаңа учаске. Өзім секілді жас мамандар аз болмады. Сондықтан, бізге бәрі қызық болды. ЗЖұмысқа ерекше құлшыныспен кірістік. Теміржол тарихында өзіндік орны бар, жаңадан ашылған жол аралығында қызмет ету бақыты бұйырғанына қуанып, әрі  мақтанып,  барлығын біз өзіміз бастап жатқандай күй кештік, - деп бастады әңгімесін жас жігіт.  Екі жылдан енді аса бергенде, теміржол саласындағы реформалар жас теміржолшыны да айналып өтпегенге ұқсайды. Ерасыл жаңа ұжымға, жаңа ортаға тез үйреніпті.  Күн сайын станциядан  өтетін 10-11 пойызды қарап,  вагон шаруашылығының жұмысын  игере бастаған Ерасылмен әңгімеміз теміржол паркінде өрбіді. Одан Шалқар–Бейнеу аралығы мен Хромтау-Алтынсарин теліміндегі айырмашылық жайлы сұрадық. –Әрине, Шалқар-Бейнеу телімінде қозғалыс аз, соған орай вагон саны да аз.  Ал мынау Хромтау-Алтынсарин пайдалануға берілгеніне 10 жылдан асқан телім болғандықтан, пойыз қатынасының әлдеқашан күш алып кеткен, қозғалыс та жиі.  Соған қарап, енді бір он жылда Бейнеу – Жезқазған теміржолының бойы қаптаған пойыз, қалың қозғалыс болатынына сенімдімін,- деген жас теміржолшы ардағы арманымен де бөлісті. Теміржолшылар әулетінің өкілі Ерасыл атасы мен әкесінің жолын жалғастырылп осы кәсіпті таңдағанына тіпті де өкінбейді. Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжіне құжаттарын тапсырған күннен бастап алдына болашақта өз мамандығын толық меңгерген мықты теміржэолшы боламын деген мақсат қойды. Және ол арманының орындаларына, ертеңіне сенеді Ерасыл.

Асқар Ақтілеу, Әйтеке би

Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты