Өңірде отандық өндіріс өркендеуде

Жаңалықтар
25.07.2017, 11:16
«ҚТЖ» ҰК» АҚ басшысы Қанат Алпысбаев ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевты Павлодар облысындағы Ұлттық компания тобымен ынтымақтастықта жұмыс істейтін кәсіпорындар жұмысымен таныстырды. Үкімет басшысы осы өңірге жұмыс сапары кезінде «R.W.S. Wheelset» ЖШС-нің теміржол білігі мен доңғалақ жұптарын құрастыру өндірісі бойынша жұмыс істейтін зауытында болды. Қанат Алпысбаев 337 млрд теңге тұратын материалдар және темір жолдың қосалқы бөлшектерін жеткізу бойынша отандық тауар өндірушілермен Ұлттық компания арасында келісімшарттар жасалынғанын жеткізді.  Соның ішінде Павлодар облысынан құны 101 млрд теңгенің, яғни жалпы көлемнің 30% -ын алатын жоба бар. Соңғы 3 жылда Павлодар облысы бойынша сатып алудағы жергілікті үлес 49-дан 68 пайызға дейін өскен. Оны 2017 жылы әлі 70 пайызға дейін өсіру жоспарда бар. Өңірде темір жол кластерін 15 кәсіпорын ұстанады. Олар осы  сала үшін  100-ден астам өнім түрін жасап шығарады. Теміржол білігі мен доңғалақ жұптарын құрастыру өндірісінде «R.W.S. Wheelset» ЖШС былтыр екінші тоқсанда пайдалануға берілген. Жоба қуаты – жылына 42 мың білік және 20 мың доңғалақ жұп. Жоба құны - 11955,5 млн теңге. Қаңтар айынан мамырға дейін 753,8 млн теңгенің өнімі шығарылды. 3.0 Жаңғырту бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде темір жол саласына арнап өндірілетін бөлшектердің көлемі арттырылатындығы атап айтылды. ҚТЖ басшысы бұл өнімдердің Ұлттық компания мен елдің вагон жөндеу кәсіпорындары үшін қажеттілігін жоғары бағалады, себебі жүк вагондары үшін білік пен доңғалақ жұптары мұнда инновациялық технологиялар бойынша дайындалады. Компания зауытпен 2020 жылға дейін келісімшартқа тұрған. Үкімет басшысына өз қызметі туралы «ҚТЖ» компаниясымен бірге жұмыс істейтін өзге де жергілікті кәсіпорындар таныстырды. Атап айтқанда, «R.W.S. BINDING» рельс бекітпелері мен полимер төсемдерін шығарса, ТОО «R.W.S. Concrete» бағыттама бұрмаларына арналған темір бетон білеулердің алдын ала бекітілген жинақтарын әзірлейді. «Қазақстандық вагон құрылысы компаниясы» ЖШС биыл жылдың соңына дейін темір жол үшін тағы 400 жүк тұтас темір вагон жеткізуді жоспарлап отыр. Даму перспективасында жетілдірілген пайдалану сипаты бар инновациялық ашық вагондар, шынжыр табанды техника және ірі тоннажды контейнерлер тасымалы үшін вагон-платформалар өндіру қарастырылған. «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында  2017-2019 жылдары  осы зауытта және «ЗИКСТО» АҚ-да 3000 жүк вагондарын өндіру жоспарланған. Бұдан басқа да бірқатар жергілікті кәсіпорындар сала үшін түрлі жинақтар дайындаумен айналысады. Олар сонымен қатар өз өнімдерін таныстырып қана қоймай, жарты жылдық жұмыс көрсеткіштерін көрсетіп, алдағы кезеңдерге арналған жоспарларымен бөлісті. Делегацияға арналған таныстырылымнан кейін зауыт цехтарына экскурсия ұйымдастырылды. Бұдан соң премьер-министр еліміздің темір жол саласы мен Ұлттық компанияның жылжымалы құрамдарын толықтыруды және импорт ауыстыру, қазақстандық өнімдердің экспортын көбейту жөніндегі Үкімет бағдарламасын орындауды қамтамасыз ететін  «Проммашкомплект» ЖШС-тің бағыттама бұрмалары мен темір жол доңғалақтарын өндіретін кешенін аралады. Жоба Индустриаландыру картасына енгізілген, оның жалпы құны 51,5 млрд теңге. Жабдықтармен 90% қамтамасыз етілген. Өндіріс пен тұрмыстық корпус бойынша құрылыс жұмыстары 99% орындалған. Жүзеге асырыла бастағаннан бері 44,1 млрд теңге қаражат игерілген. Жалпы жоба қуаты 75 мың доңғалақ, 1000 жинақ бағыттама бұрма, 200 жөндеу жинағын, 1000 дана крестовина, 3 мың дана жүк вагондарының арбасын өндіруге есептелген. 3.0 Жаңғырту бағдарламасы аясында 2018 жылдың басында  «Проммашкомплект» жаңа қуатпен жұмыс бастауды көздеуде. Б.Сағынтаев кәсіпорындар жетекшілерімен сөйлесіп, олардың даму перспективаларына қызығушылық танытты және оларға жұмыс сапарының қорытындысынан соң бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Рашида МҰХАМЕТҚАЛИЕВА

Екібастұз

Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК

Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ станцияларды басқарудың жаңа цифрлық платформасын енгізуде
Трансформация
20.08.2026
Қазақстанда локомотив пен вагон өндірісі еселеп өсті
Инфрақұрылым
20.08.2026
Ақшолақ – Үшбұлақ аралығында ауыр жол техникасын қолдана отырып, темір жолы сауықтырылуда
Жаңалықтар
20.08.2026
Қазақстан Орталық Азияның теміржол желісін жаңғыртуға негізгі үлесті қосуда
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ ALT University-мен ынтымақтастықты дамытуда
Әлемде
20.08.2026
Қытай 2026 жылдың алғашқы жеті айында жолаушылар ағыны бойынша жаңа рекорд орнатты
Жаңалықтар
20.08.2026
Жыл басынан бері пойыздардың 44 әйнегі сынған
Әлемде
20.08.2026
Қырғызстан неліктен «Қытай - Қырғызстан - Өзбекстан» теміржол жобасының ұзын әрі қымбат бағытын таңдады?
Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда теңіз жүк тасымалының көлемі 7,2%-ға өсті
Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда жылу беру маусымына дайындық аясында 19 млн тонна көмір тасымалданды
Әлемде
19.08.2026
Еуропада жүк вагондарының дөңгелектерін тексеру талаптары күшейтіледі
Жаңалықтар
18.08.2026
Еліміздің алты өңірінде 2 мыңнан астам жүргізуші ҚТЖ-ның «Қауіпсіз өткел» акциясына қатысты
Жолаушылар тасымалы
18.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ пойыздарымен 7,5 млн жолаушы тасымалданды
Әлеумет
18.08.2026
ҚТЖ: отандық өндірушілерді қолдайды
Аймақтар
18.08.2026
Жүктемесі жоғары өткелдерде рейд өтті
Аймақтар
18.08.2026
Басты өлшем – қозғалыс қауіпсіздігі
Аймақтар
18.08.2026
Бурыл станциясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Қауіпсіздік
18.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар өткелдердегі қауіпсіздікті күшейтуде
Аймақтар
18.08.2026
Мал басу азайды
Аймақтар
18.08.2026
Еңбек заңнамасы талқыланды