Арбашықтар жаңарады
Ірілендірілген Арыс жол дистанциясындағы ақаутапқыш операторлар алты айда 2178 км станциялық, 11956 км басты жолдарды, 5082 бұрма мен 8200 дәнекерленген рельс түйіспелерін тексерген.
Бүгінде цехта 26 ақаутапқыш арбашықтың 23-і қолданыста. Үшеуі консервацияда тұр. Алты айда елуден аса маман жұмысының нәтижесінде 29 ақаулы рельсті анықталған. Кейбірінің пайдалану мерзімі асып кеткендіктен, ақаудың ішінде рельстің сынуы жиі кездескен. Енді басқалары зауыттан сапасыз болып келсе, рельстегі өзге ақау жолды нашар күтуден пайда болған. Операторлар тапқан сынық рельстің бәрін жолшылар уақытылы жаңалапты.
Жазда екі оператордан құралған бір бригада 7 км, қыста 6 км рельстерді арбашықпен жүріп тексеріп шығады. Бұл жұмыста қауіпсіздік сақшысындай тер төгіп жүрген Ербол Сахов, Ербол Сарыбаев, Нұржан Әліпбеков, Қуандық Қошбағаров, Жексенбек Ешпанов, Әлімжан Мырсыздықов, Әмірхан Әбдешбеков, Ержан Олжатаев, Нұрлан Бегалиев сынды бірқатар операторлардың еңбегі ерен. Олар өз міндетін атқарып-ақ, тонналаған жүк пен жолаушылардың барар жеріне дін-аман жетуіне себепші болып жүр. Мамандардың бәрі соңғы келген РДМ-22 арбашығында жұмыс істеуді жақсы меңгерген. Бұл техниканың жеңілдігі сол, бұрмалардың қалай тексерілгені, қай шақырымда қандай жылдамдықпен жүргені таспаға жазылады. Оператордың өзі де құрылғысын компьютерге салып, жүріп өткен жолдағы рельстің қай жерінде сынық, жарықшақ барын таспадан қарап біледі. Әзірге цехта тоғыз РДМ-22 ақаутапқыш арбашығы жұмыс істейді.
– Келешекте жаңадан РДМ-23 атты заманауи арбашықтың келетіні айтылуда. Онда спутниктік жүйеге сай, оператордың жұмыс барысындағы әрекеті, тексеруі 20-40 шақырым қашықтағы кеңседегі басшыға компьютерден айқын көрініп тұрмақ. Ол техника да көп ұзамай қолданысқа берілуі мүмкін,– дейді аталған цех бастығы Қалдыбек Сапыұлы.
Бекәли АЛТЫН, Шымкент
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты