Дала өртінен қауіп көп

Жаңалықтар
25.07.2017, 11:55
Оқуға 2 мин
Биылғы жаздың, оның ішінде шілде айының қатты ыстық болуы дала өрттерін көбейтіп, темір жолға қауіп төндіріп отырғанын айтады  «ҚТЖ» ҰК» АҚ Маңғыстау өртке қарсы қызмет жасағының басшысы Қайырхан Таласов. Оның мәлімдеуінше, өрт жуырда Бейнеу – Тассай телімінде болған. Яғни,  учаскедегі темір жолға шамамен 5-6 шақырымдық аумақта егіс алқаптары өртенген. Абырой болғанда апат  дер кезінде ауыздықталып,  жолға дейін жетпеген. –Шілденің басынан бастап еліміздің бірнеше өңірінде темір жол маңындағы өрттер тіркелді. 9-10 шілде аралығында, яғни бір ішінде  Қазақстан темір жолы бойынша 4 темір жол жиегінің өрті кездесті. Қарағанды бөлімшесінің Жезқазған – Жаңаарқа телімінде егістік өртеніп,  700 дана ағаш шпалы жанып кетті. Соның салдарынан пойыз қозғалысы 16 сағатқа кешіккен. Қарағанды бөлімшесінің Жезқазған – ръзд 60  теліміндегі егістіктен шыққан өрт 30 ағаш шпалын отқа орады.  Қарағанды бөлімшесінің Көкбекті – Қарағайлы телімінде темір жол жиегіндегі шөптердің өртенуі кездессе, 10 шілде күні Семей бөлімшесінің Шар – Жарма теліміндегі егіс алқабында болған қызыл жалын салдарынан темір жолдың 300 шпалын жанып кетті. Бұл  6 жүк пойызының тоқтап тұруына, сөйтіп, жалпы қозғалыстың 36 сағатқа кідіруіне әкелді, – дейді Қайырхан Таласов. Дала өртінің алдын алу мақсатында, маңғыстаулық өртке қарсы қызмет жасағы басшылығы ауыл әкімдері, фермерлерден өрт қауіпсіздігі жөнінде тиісті ережелерді сақтауды талап етіп, өрт қаупі бар кезеңде шөп қалдықтарын жағуға қатаң тиым салған. Мұндай түсінік жұмыстары теміржолшылармен де жүргізіліпті. 859 жолсерікпен жол бойына жаңғыш қалдықтар, күл тастамау туралы, 68 машинист және көмекшілерімен май шүберектер мен  темекі тұқылдарын қалдырып кетпеу бойынша, 264 монтерға далада от жақпау, қураған шөптерді уақытылы тазарту жөнінде нұсқау өткізсе, тағы бірнеше ескертпені халықтың, соның ішінде егін шаруашылығымен айналысушылардың назарына ұсынып отыр. Мамандардың айтуынша, егін жинайтын агрегаттар мен автокөліктер алғашқы өрт сөндіру құралдарымен, жарамды ұшқын өшіргіштермен жабдықталуы тиіс. Оған қоса егіс алқабының пісуі алдында оның топырақты және орманды алқаптарына, далалық жолақтарда, автокөліктік және темір жолдарға жалғасқан жерлерінде ені кемінде 4 метр болатын жер жырту жұмыстары жүргізілуі керек. Ал егер, аумағы 25 гектардан асатын егін алқабы  маңында өрт шыға қалса, сол жерден соқа тіркелген трактор дайын тұруы қажет. Сонымен қатар мамандар егістікте шөп қалдықтарын өртемес бұрын 4 метрден кем болмайтындай жерді жыртуы немесе қопсытуы, өрт сөндіргіш техникасын дайындап қоюы қажет.  

                           Шахида Жұман,

Маңғыстау

Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты