Ата кәсіпті жалғаған

Жаңалықтар
04.08.2017, 16:23
Оқуға 3 мин
 Қызылқоға ауданы, Сағыз елді мекеннің тумасы Абай Көптілеуов ес білгелі теміржол бойындағы ауыл тіршілігінің куәсі болып, ата-анасының теміржол табанында үзбей қызмет еткенін көзімен көріп, көкірегіне түйіп өскен соң, теміржолшы мамандығын таңдауым заңды деп біледі.   Қарапайым қоңыр тіршілік еткен Жауынбай Көптілеуовтың қыздарынан соң дүниеге көптен күткен ұлы Абай келгенде ағайын  «ата кәсіпті жалғастыратын теміржолшы туды» деп сүйінші сұраған екен. Әкесі Жауынбай мен анасы Сұлушаш теміржол саласы ен қиын жылдарды бастан өткерген жылдарында тынымсыз еңбек еткен жандар. Кеңес жылдары жол монтерінен бастап жол шеберіне дейін өскен, еңбегі бағаланған Жауынбай ақсақал 1976 жылы «Құрмет» белгісі орденімен, 1986 жылы «Еңбек Қызыл ту»  орденімен, «Құрметті теміржолшы» салалық  марапаттармен марапатталған екен. Өткен жылы туған жері Қызылқоға ауданының «Құрметті азаматы» атанған әке кәсібін жалғаған ұл Абай Жауынбайұлы сол асқар таудай әке беделіне титтей де дақ түсірмеуді бала кезден ұстанған.   1986 жылы әскерден келген соң тепловоз машинисінің көмекшісі оқуын тәмамдап, еңбек жолын бастаған ол Мақат депосында он шақты жыл тер төкті.  1995 жылы Атырау жол дистанциясының жол жөндейтін машинасының машинисі болып орналасып, қазіргі күні Сағыз станциясында абыройлы еңбегін жалғастыруда.   –Әкем мен анамның еңбегінің ауырлығын білсем де, теміржолдың табанды тәртібіне бағынудан қашқақтамай теміржолшы мамандығын таңдадым. Қай салада да қиындық болады. Бірақ темір табанды жолдағы қиындықты көз көріп жүргендіктен айтарым, сабырлық пен қырағылық болса теміржолшы жеңбейтін қиындық жоқ. Теміржолда еңбек қорғау шаралары, қауіпсіздік бірінші орында. Жұмыста ми мен қол қатар жұмыс істейді, әйтпесе қателесу бір-ақ сәтте, – деп сыр шертті кәнігі теміржолшы.       Жол аралықтарындағы белгілердің қызметін жатқа білу, соған қарай көлікті басқару, биік жер мен «тар»  жолдарда қырағылықпен сақ жүріп материалдарды, жабдық, құрылымдарды, жолшыларды  жұмыс орнына күнде тасымалдау, станция шеңберінде маневрлік жұмыстарды да атқару, жөндеу, монтаждау және тиеу-түсіру жұмыстары кезінде кран құрылғыларын және басқа да арнайы механизмдерді басқару секілді кез-келген ауыр жұмыстың ешқайсысынан қашпай, бел ортасында жүретін Абай Жауынбайұлы ұжымға аса сыйлы, абыройлы азамат екенін біз емес, басшылықтың аузымен естіген жөн болар.  –Атақты ардагер теміржолшының ұрпағы ешқашан ұятқа қалдырған емес, қандай жауапты істі болсын сеніп тапсырамыз. Сағыз ірі станция болғандықтан жұмыс қарқыны қашан да қызу, жұмысы да ауыр, жігіттің жігіті шыдайтын жұмысты тастай орындап отыратын азаматтан айналмайсың ба?! – дейді Атырау жол жөндеу мекемесінің бастығының бірінші орынбасары Темірзақ Кетебайұлы. Міне, биыл да теміржолшы қауым төл мерекелерін атап өтуде. Мерекеде мерейі үстем болып, еңбегі жанған теміржолшылар қатарында Абай Көптілеуов те бар. Қазақстан теміржолының дамуына қосқан  отыз жылдан астам еңбегінің арқасында  «Кәсібі бойынша үздік» белгісімен марапатталып  отыр.

Тұрсын ҚАЛИМОВА

АТЫРАУ

Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты