Жолдың жайын жолшы білер... 

Жаңалықтар
04.08.2017, 16:26
Оқуға 2 мин
Ірілендірілген Арыс жол дистанциясының ұжымы тек жақсы  көрсеткіштерімен танымал.  Бұл әрине, ең алдымен сол жолдың бабын жасайтын жолшылардың маңдай тер, табан ақысының арқасы. Солардың бірі, ширек ғасырдан бері шойынжолды баптап жүрген Ахмет Қамбарбек. Еңбек жолын жол монтерлігінен бастаған ол жол шаруашылығының барлық сатысынан өткен. Екі жыл өтпе кезекші де болды. Тәжірибе жинақтай келе жол бригадирі болып жұмыс істеді.Тараз қаласындағы оқу орнында біліктілігін арттырып келген соң Ақпан, Бадам бекетінде жол шебері міндетін атқарды. Соңғы он жылдан бері Арыс ірілендірілген жол дистанциясының жол шебері.   –Оңтүстіктің ең «ыстық нүктесі» Арыста бүгінгідей қырық күн шілдеде ауаның температурасы 50 градуска дейін ысып, аспан айналып жерге түсетіндей аптап болады.  Сонда да жол бойыннан табылатын жолшылар шойынжолдың ағымдағы күтімін жасайды. Күнделікті ақау күнде түзелетіндіктен, құдайдың құтты күні бұл жұмыс қайталана береді. Яғни, жолшылар жол бойының әр қадамын күн сайын қырағы көзден өткізеді, онсыз қозғалыс қауіпсіздігін толық қамамасыз ету мүмкін бе? Арыс пен Ақдала арасындағы 3210-3213 км арасындағы тақ және жұп жолдарын қосқанда 8 км жолды екі бригадир, 14 жұмысшы күтіп ұстайды. Қауіп байқасақ, сол шақырым бойынан пойыздардың төмен жылдамдықпен жүруін ескертеміз. Биылғы жаз сұмдық ыстық болып тұр, бірақ жаны сірден жаралған жігіттеріміздің арқасында жол күтімі жоғары, қозғалысқа қашан да жол ашық, –  дейді  жасы биыл 54-ке шыққан жол шебері. Айтпақшы, Ахмет Қамбарбек салаға кездейсоқ келген жан емес. Атасы  Ахмет те темір табанды жолдың күтімін, қырық жыл жасаған жолшы болған.  

Динара БАЛҚЫБЕКОВА, Шымкент

Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты