Бейжіңде Қытай – Қазақстан – Түрікменстан – Иран бағыты бойынша сарапшылар кеңесі өтті

Жаңалықтар
25.12.2024, 15:30
Оқуға 1 мин

Бейжіңде (ҚХР) ҚТЖ еншілес компаниясының («KTZ Express» АҚ) басшылығы Қытай – Қазақстан – Түрікменстан – Иран (ҚҚТИ) бағытын дамыту мәселелеріне арналған сараптамалық кеңеске қатысты. Іс-шарада 2024 жылғы маршрут жұмысының қорытындысы шығарылды, сондай-ақ одан әрі даму перспективалары талқыланды, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Осы жылғы 11 ай нәтижесінде маршрут бойынша жүк тасымалдау көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 31% ұлғайды. Бұл нарық қатысушыларының осы бағытқа өсіп келе жатқан қызығушылығын растайды және логистикалық сервисті жақсарту бойынша іске асырылған шаралардың тиімділігін көрсетеді.  

Талқылау барысында маршрутты дамытудың негізгі аспектілеріне: жүктерді жеткізу жылдамдығын арттыруға, кедендік рәсімдерді оңтайландыруға және логистикалық процестерді жеңілдетуге бағытталған заманауи цифрлық технологияларды енгізуге ерекше назар аударылды.

ҚҚТИ бағыты халықаралық саудадағы негізгі дәліздердің бірі ретінде дамуын жалғастыруда. Оның артықшылықтарының бірі – теңіз жолдарымен салыстырғанда жедел жеткізу уақыты, сенімді инфрақұрылым және Азия мен Таяу Шығыстың маңызды нарықтарымен тікелей байланыс.

«KTZ Express» АҚ ҚҚТИ маршрутында сапалы логистикалық сервисті қамтамасыз ету үшін серіктестермен белсенді ынтымақтастықты жалғастырады. Бұл жүк айналымының одан әрі өсуіне ықпал етеді, жаһандық жеткізу тізбегінің негізгі буыны ретінде Қазақстанның транзиттік әлеуетін нығайтады.

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды