Азамат деген атқа сай

Жаңалықтар
04.08.2017, 16:41
Оқуға 3 мин
Семей теміржолында бірыңғай тек қозғалыс саласына маманданған Нұрғалиевтар әулетін шығыстағы теміржолшы қауым жақсы біледі. Жаңғызтөбе станциясының бастығы  Азамат Нұрғалиев осы әулеттің үшінші буыны. Үшінші класты станция бастығы орда бұзар отызды енді орталаған жас болса да тәжірибелі теміржолшы.  Жоғары білім, кәсіпке деген сүйіспеншілік, үздіксіз ізденіс, жұмысқа деген ынта және жетістіктен ләззат алу сынды өндіріс жетекшісіне тән қасиеттің бәрі  Азамат Қанапияұлының бойынан табылады.   Ең алғаш өзі туып-өскен мекен Жаңғызтөбе станциясының бағыттау қосынының аға кезекшісі болып қызметке кіріскен жас жігітті бүгінде теміржолдың бүге-шігесін толық меңгерген саңлақ маманға айналды десек болғандай. Теміржолдағы еңбек жолында станция кезекшісі, Еңірекей – №7 жолайрығы  бойынша қозғалыс ревизоры сынды сатылы еңбек жолдарынан өтті.  Ал, 2014 жылдың наурызынан бастап жүк айналымы жоғары, табиғаты аса қатаң Жаңғызтөбе станциясын басқарады.  Азамат Қанапияұлының Жаңғызтөбеде алғаш қолға алған жұмысы станция бойынша теміржолшылар қызметіне қолайлылық жасай отырып жұмыс тиімділігін арттыру болды. Осынау межеге биыл толық қол жеткізді деуге болады. Ол рационализаторлық бастамаға байланысты, яғни  басшының өнертапқыштық қабілетінің арқасында қол жеткен жетістік деуге болады.  Мәселен, өзі басқаратын 3-ші класты станцияның бағыттамалы бұрмалары қолмен жүргізілетіндіктен жаңғыртуды, жаңашылдықты талап ететін. Азамат ұжымдағы аға буынмен ақылдаса келе бағыттамаларды жетілдіруді ойлап тауып, жүзеге асырды. Яғни, бағыттамалар сілтеуіштерін жаңарту мақсатында герметизациялау ісін жолға қойды. Мұнымен қоса, штырь-фиксаторлар жұмысын жаңғыртты. Қосымша механизмдермен жаңартылып, жетілдірілген құрылғының ендігі аралықта пойыз қозғалысы кезіндегі тиімділігі зор болмақ. Осылайша, орталықтандырылмаған станцияның жұмысы жаңа бағытқа түсті. Осылайша, ұзақ жылдар бойы қордаланып келген күрмеулі мәселе аяқ астынан оң шешімін тауыпты. Бұл жаңашылдық Семей бөлімшесінің өндірістік-техникалық бөлімі тарапынан ерекше жаңашылдық ретінде жоғары бағаланды. Азамат Нұрғалиев әзірлеген, жетілдірілген, маңыздылығы айрықша жаңа құрылғының қағаз бетіне түсірілген сызба-нұсқасы қазіргі күні қозғалысшылар үшін аса құнды дүние саналады. Айта кетерлігі сол, бұрынғы құрылғылар линзалы болатын. Жарығы әлсіздеу әрі жаңбырлы күндері су тисе жылдам істен шығатын-ды. Ал қазіргі күні ауыстырылған жарық-диодты арнайы лампалар желі бойына «ай сәулелі» жарық шашады. Ендігі аралықта бұрынғыдай жауын-шашыннан келер қауіп жоқ, байырғыша жылдам күйіп кете бермейді, қызмет көрсету мерзімі әлдеқайда ұзарған. Бұл құрылғының станция қызметіне әсері бірден байқалыпты. Азаматтың Жаңғызтөбе станциясы мен оның тұрғындары үшін сіңірген еңбегін ұжымы да жоғары бағалайды. Мәселен, осыдан үш жыл бұрын «Алматы-Защита» бағытымен жүре бастаған Тальго пойызы аталмыш станцияға аял жасамайтын-ды. Станция басшысы құзырлы орындар басшылары мен аудандық әкімдік пен халық қалаулыларына құлаққағыс қыла жүріп, оған да қол жеткізді. Қазіргі күні халық саны жоғары Жарма мен Көкпекті, Зайсан, Ақсуат аудандарының тұрғындары үшін қолайлылық туындады. Станция бастығы қазіргі күні Жаңғызтөбе кентін қақ жарып өтетін желі бойы үстінен жаяу жүргіншілер үшін көпір салу мәселесін көтеріп жүр. Ал, станцияның өзі  екі жыл қатарынан бөлімшедегі барлық 53 айырма пункт арасында бірінші орынды иеленіпті. Осының өзі теміржол саласына жан-тәнімен берілген жігіттің жарқын болашағын танытады.       

Қуаныш ҚОЖАЕВ, Жаңғызтөбе

Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты