Кәсіподақ алғыс айтты
Ақтөбе жүк тасымалы бөлімшесінде салалық кәсіподақтың құрылғанына 25 жыл толуына орай кәсіподақ өкілдері бір топ азаматқа алғысы мен құрметін көрсетті.
«Қазақстан салалық теміржол кәсіби одағы» Батыс филиалының төрағасы Ғабит Сыдықов алғашқы төсбелгіні Ақтөбе жүк тасымалы бөлімшесінің директоры Мағауия Оразқұловқа тақты.
Өз кезегінде, бөлімше басшысы кәсіподақ ұйымы қызметінің маңызы зор екенін айта келе жұмысшылардың құқықтары мен мүдделеріне аянбай қызмет ете беруіне тілектестігін білдірді. Сонымен бірге, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.
Кәсіподақтың ширек ғасырлық тойына арналған төсбелгі сонымен бірге Ақтөбе магистральдық желі бөлімшесінің директоры Серғали Жайлаубай мен бөлімшенің қауіпсіздік жөніндегі бас ревизоры Еркінбек Елғондыға берілді. Мұндай құрметтен «Теміржолсу», «Әскерилендірілген теміржол күзеті», «Жолаушылар тасымалы», «Вагон-сервис», «Ремпассажирвагон-2» мекемелерінің өкілдері де құр қалмады. Сондай-ақ, сала зейнеткерлері де назардан тыс қалмады.
Ал, Ақтөбе ағаштарды қорғау дистанциясы, Жем және Ақтөбе локомотив пайдалану деполары, Ақккемер станциясы, Ақтөбе жол, электрмен жабдықтау дистанциялары, Ақтөбе теміржолшылар оқу орталығының қызметкерлері Кәсіподақ филиалы мен жүк тасымалы бөлімшесінің алғыс хаттарымен марапатталды.
Асқар Ақтілеу, Ақтөбе
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты