Сызбалар арқылы сақтайды

Жаңалықтар
08.08.2017, 10:08
Оқуға 2 мин
Арыс белгі беру және байланыс дистанциясындағы технологиялық құжаттар бөлімі Арыс – Шымкент, Арыс – Сарыағаш, Арыс – Түркістан телімдеріндегі байланыс сызбасының ақаусыз жұмыс істеуін реттеп отырады. Көзге көрінбегенмен, аса мұқият атқарылатын сызбаның нұсқаларын қарау, салыстырып реттеу осы бөлімде жасалады. Жіңішке сымдардан құралған схема арқылы бағдаршамдар уақытылы ашылып, бұрмалар автоматты түрде жабылатындықтан бұл істе қателікке жол берілмек емес.  Ондай жағдайда арты апатқа соғатынын тәжірибелі инженер Әжібек Жүнісовтен бастап, Серік Құлдыбаев, Жанар Дәуренова, Дина Мұсаханова, Мәди Жауылбаев сынды СОБ байланыс инженерлерінің бәрі білгендіктен, жұмыстарына жауапкершілікпен қарап үйренген.       Бөлімшенің диспетчерлік орталықтандыру бөлімінде осы сызба нәтижесінже диспетчерлер Арыс – Сарыағаш, Шымкент – Арыс 2 телімінде қатынап жатқан пойыздарды таблодан көріп отырады. Ақдала бекетіндегі жолдардың ашық немесе жабық тұрғаны  телесигнал арқылы естіледі. Қостүйін бекетін диспетчерлер орталықтан басқара алмайтындықтан, станцияда кезекші сигналды ашып-жауып отырады. –  Біздің міндетіміз үш бағыттағы телімнің схемаларын үш жылда бір тексеру.  Өзгеріс жасайтын болсақ бас инженер құжаттарға қол қойып, Алматы мен Астанадағы  зертхана орталығында жібереміз. Олар бекіткен соң, сызбаны толықтырамыз. Биыл Шеңгелді, Шағыр, Арыс-1, Арыс-2, Ақдала, Қостүйін, Қарақоңыр, Түркістан, Шойтөбе бекеттерінің және Арыс станциясындағы орталықтандырылған дөңестің де сызбасына өзгеріс жасап, енгіздік, – дейді аталған бөлімнің аға электр-механигі Дәрібек Әбзадаұлы.

Динар МЕЙІРМАН, Шымкент

Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты