Байланыс жүйесін дамытуда
Шымкент белгі беру және байланыс дистанциясында өнертапқыштық мамандар еңбегінің арқасында өндіріске талай тиімді жаңалық енгізілуде. Мысалы аға электр-механик Бекжан Билібаев соңғы екі жылда 7 рационализаторлық жаңалықты өндіріске енгізген.
Оның соңғысы, бүгінде жүзеге асырылып жатқан жаңалық – қаладан шеткері жатқан тұйықталған Леңгір бекетіндегі құрылғыларға қатысты. Бұрынғы жүйеде қалып кеткен мұндағы ескі байланыс аппараттары соңғы жылдардағы техникалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге сай емес. Бағдаршамдарында кемшілік бар, тұрақты бақылауда болмағандықтан, лампочкалары істен шығуы немесе күйіп кетуі жиі орын алатын болған. Енді маман өз еңбегінде аталған бекеттегі бағдаршам көздерінің толық жанып тұруына бақылау жасауды енгізбек. Сол арқылы бағдаршам сызбасына индекация, яғни бақылау енгізу арқылы қозғалыс кезіндегі қауіпсіздікті сақтауға болады.
– Осы жүйеде Леңгірден бөлек Сайрам, Тоғыс бекеттері де жұмыс істейді. Яғни, бекеттер орталықтан электрлендірілмеген. Сонымен қатар, электр тоғының үздіксіз келіп тұруын қамтамасыз ететін бақылау да жүзеге аспапты. Оның қиындығы сол, байланыс кабельдері үзілсе станция кезекшісі уақытылы механикке хабар бере алмайды. Осындай себептен индекация жасап, кезекшінің алдындағы таблоның уақытылы ашылуын реттеуді қолға алдым. Бұл ұсынысым қабылданды. Екіншісі, осы Леңгір теміржолындағы бағдаршамнан кейінгі аралыққа рельс тізбектері енгізілмеген. Ол тізбектер болмаса бағдаршамнан кейін 1-2 км жолда пойыздың бар-жоғы диспетчерге көрінбейді. Бекеттегі кіреберіс бағдаршамнан кейінгі 100 метрге дейін аралықтағы рельске электр тізбегін жалғаймыз. Сонда бағдаршам түсі автоматты түрде ауысады. Кіреберіс бағдаршамның алды міндетті түрде орталықтандырылған электр жүйесіне қосылу керек. Әрине, Леңгір ең шеттегі тұйық бекет болғандықтан, жүк пойыздары өте сирек қатынайды. Мұндағы барлық станция жолдарын рельс тізбектерімен қамту мүмкін емес. Әрі жолға пойыз түскенін станция кезекшісі көреді. Бұл әу бастағы сызбада қарастырылмағандықтан, біз толықтырудамыз, – дейді Бекжан Жамалбекұлы.
Сондай-ақ, өткен жылы олар бұрмаларға қатысты да жаңалық енгізген екен. Үлкен бекеттердегі электр бұрмалары қыста қар қалың жауса кептеліп қалады. Сондайда автоматтандырылған бұрма қатты күшпен соңына дейін айнала алмай, моторлар күйіп кету қаупі бар. Суықта сымдары тартылса электр жетектері де істен шығуы кәдік. Арасында автоматты түрде өшірілуге қосылмай қалған бұрмалар бар. Оны міндетті түрде кезекшінің өзі байқап, қолмен басып өшіруі тиіс. Осыны Бекжан Жамалбекұлы бастаған өнертапқыштар автоматты түрде өшірілетіндей етіп орталықтандырған. Одан кейін релелерге қосымша жүк түскенде күйіп кетуден сақтайтын құрылғылардың да сызбаларын қарап, релелердің бұзылмайтын жолын тапқан.
– Кемшіліктер барлық жүйеден табылады. Жігіттердің бәрі тәжірибелі, білімді, байланыс құрылғыларының жұмысын жеңілдетудің сан түрін ойлап табуға болады. Тек жазған-сызғандарын зертханадағылар тәптіштей тексеріп, жиі қоңырау шалып, кем-кетігін сұрай беретіндіктен, жігіттер құжатты реттеуге құлқы жоқ. Қазір электронды пошта арқылы жылдам жіберіп, қысқа уақытта қаралады. Сондықтан, сыйақысы жоғары, жолы жеңілдеді деп жігіттерді өнертапқыштыққа барынша ынталандырып жатырмыз, – дейді аға электр-механик.
Динара БАЛҚЫБЕКОВА, Шымкент
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты