Өткен екі тәулікте темір жолдардан 36 мың текше метрден астам қар жинап алынды. Қар тазалайтын машиналар 105 рейс жасады, деп хабарлайды Rail-news.kz.  

Теміржол төсемін жедел тазалау үшін 88 қар тазалау техникасының шығуы жүзеге асырылып, олардың көмегімен 25 мың шақырымнан астам жол тазартылды.

Бағыттамалық бұрмаларды тазалауға, біліктерді қардан аршуға 3 658 жол монтері жұмылдырылған. Тәулік бойы жедел қызметтердің кезекшілігі жүргізілді. Жолдың жай-күйі, байланыс желісі және техника күшейтілген бақылауда болды.  

Қар мен боран жағдайында қабылданған шаралар теміржол көлігінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз етті.