Қызғалдақтың келешегі кемел
Рельс арқалық зауыты ашылғалы, Ақтөбе іргесіндегі Қызғалдақты станциясының бағы жанды. Өйткені, отандық рельс өнімдері осы Қызғалдақты арқылы жеткізе бастады.
Бұл өз кезегінде осыған дейін шағын, елеусіз болып келген разъездің жан-жақты дамуына жол ашты. Былтыр бұл маңда Рельс дәнекерлеу кәсіпорнының іргетасы қаланды. Мұнда қысқа рельстерді жалғап, 800 метрлік өнім алуға болады. Қызғалдақты станциясына қосымша жолдар салынып, құрылыс алаңдарына рельс тартылып, бұрмалар орналастырылды. Электрлі орталық ғимараты салынып, оған қосымша тағы талай жаңа ғимараттар бой көтеріп, станция басы абаттандырылып, жалпы құрылыс жұмыстары толығымен аяқталды.
Биылғы жылы мұнда ультразаманауи көліктік-логистикалық орталықтың іргетасы қаланды. Осы көліктік-логистикалық орталық пен Қазақстандағы ірі өндіріс орындарының біріне айналатын керамикалық гранит пен керамикалық тақташа шығару зауытының іргетасы қаланды. Жобалар мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында айтылған экономиканы жеделдетілген технологиямен жаңғырту бойынша тапсырмасын орындау аясында жүзеге асырылуда.
Инвесторлар сондай-ақ, мұнда барлық қажетті инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдардың, автокөлік пен теміржол көліктеріне арналған кірме жолдардың барын, энергетикалық ресурстардың салыстырмалы төмен бағасы мен өздеріне ұсынылған өзге де жеңілдіктерді жоғары бағалауда.
Жаңа көліктік-логистикалық орталықтағы қаттау жүйесі SAP халықаралық стандартына сәйкес келіп, ал жүк өңдеу технологиясы автоматтандыру мен механикаландырудың жоғары деңгейіне ие болады. 2019 жылы қолданысқа берілетін орталық 120 адамға тұрақты жұмыс бермек. Жыл соңына қарай керамикалық гранит пен керамикалық тақташа шығару зауытының бірінші кезегі іске қосылатын болады. Осының бәрі өз кезегінде Қызғалдықтының бұрынғыдан да дамып, тасымал көлемінің еселеп артуына септігін тигізбек. Демек, станцияның келешегі кемел деген сөз.
Асқар Ақтілеу, Ақтөбе
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты