Ерен еңбек еленген күн

Жаңалықтар
08.08.2017, 10:36
МАҢҒЫСТАУ  Биылғы көлік және байланыс қызметкерлері күнінің маңғыстаулық теміржолшылар үшін ерекшелігі сол, төл мерекемен бірге бөлімшенің 10 жылдығын  да атап өтті.   Қос мереке құрметіне жиылған жұртшылықты Маңғыстау жүк тасымалы бөлімшесінің директоры Нәжимеден Ғұбашов, Мұнайлы ауданының әкімі Нұрлан Тәжібаев құттықтап, еңбекте табыс тіледі. Табыс демекші, ақ-адал еңбегінің арқасында табысты болып, абыройы артқан теміржолшылар бұл күні көпшілік назарында болды. Айталық, Маңғыстау жүк тасымалы бөлімшесі директорының бірінші орынбасары Ерлан Бүркітов пен  Маңғыстау жол дистанциясының №3 өндірістік телімінің бастығы Тұтқабай Оңғаровтың «Құрметті теміржолшы» төсбелгісіне ие болды. Вагон пайдалану депосының Маңғыстау станциясы бойынша вагон қараушысы Айбек Иреев, Маңғыстау  жол дистанциясының жол диспетчері Жаңыл Бактыгереева "Кәсібі бойынша үздік" атанса, Локомотив пайдалану депосының еңбекті ұйымдастыру және нормалау бойынша  жетекші инженері Аманбек Бинеубаев пен Маңғыстау магистральдық желі бөлімшесінің бас есепшісі Гүлмира Қойшекенова "Үздік маман" атанды. Ал  Шетпе тауар кассирі Тыныштық Қалиева,  Локомотив пайдалану депосының 1-сыныпты тепловоз машинисі Қосай Байғандиев, Маңғыстау жол дистанциясының №2 өндірістік телімнің бастығы Қабыл Зайыровтар "Адал еңбегі үшін" медалін төсіне тақты. Бейнеу станциясы техникалық қызмет көрсету орталығының басшысы Наргүл Оразбаева мен Маңғыстау белгі беру және байланыс дистанциясының бастығы Ғабит Жұмасеитов ҚР инвестициялар және даму министрлігінің Алғыс хатына ие  болды.  Тағы бір топ озат маманға   «ҚТЖ» ҰК» АҚ президентінің Құрмет грамотасы табысталды. Сондай-ақ бірқатар сала қызметкерлері Қазақстан теміржолы кәсіби одағының  25 жылдығына орай марапатталды.  Түбек темір  жолының құрылып-қалыптасуына еңбегің ардагерлер Маңғыстау темір жол бөлімшесінің 10 жылдығына шығарылған мерекелік медальмен марапатталды.

Шахида Жұман

  СЕМЕЙ Теміржолшылардың кәсіби мерекесін семейліктер де кең көлемде атап өтті. Болат жолдың батырлары құттықтауға қала әкімі Ермак Сәлімов арнайы келді. «Түрксіб – Семей» мұражайын аралап, өңірдегі шойынжол тарихына қатысты жәдігерлермен, тарихи деректермен танысқан қала басшысы аймақ теміржолшыларының еңбегіне жоғары баға берді. «ҚТЖ» ҰК» АҚ «Семей жүк тасымалы бөлімшесі» филиалының директоры Марлен Көкірекбаев өз сөзінде биылғы жарты жылдықта пойыз қозғалысы қауіпсіздігін сақтау мен жүк тасымалын қамтамасыз етудегі жетістіктердің жоғары екенін, бұл жетістікте теміржолшылардың еңбегі ерен екенін атап өтті. Бұдан соң үздік еңбегімен танылған бірқатар сала мамандары марапатталды. Облыс әкімінің Құрмет грамотасымен бөлімше басшысының орынбасары Ерғазы Жұмаділов, Семей жол дистанциясы бастығының орынбасары Серікқан Ақшалов, ғылыми-техникалық ақпарат орталығының басшысы Қайырғазы Жармұхамбетов сынды бірқатар қызметкерлер марапатталды. Ал, қала әкімінің Құрмет грамотасымен Семей станциясының бастығы Ғабит Есқожанов, Жаңасемей станциясының басшысы Тілеуғали Ибраев, қозғалыс қауіпсіздігі бөлімінің бастығы Дәулет Сүлейменовтер марапатталды. Ал, теміржолшылар үшін ең жоғарғы марапат «Құрметті теміржолшы» төсбелгісін  Семей вагон пайдалану депосының Аягөз қаласында орын тепкен техникалық күтім бекетінің вагон қабылдаушысы Жанат Байзақов иеленіп, мерейі үстем болды.  Марапаттау рәсімі аяқталған соң барша жиналған қауым үшін семейлік өнер ұжымдары әзірлеген мерекелік концерттік бағдарлама ұсынылды.

Қуаныш Қожаев  

  АҚТӨБЕ Облыстық филармония өнерпаздарынан құралған «Арайлы Ақтөбе» фольклорлық ансамблі теміржолшыларының кәсіби мерекесінің сәнін кіргізді.  Көпшілік алдында сөз алған бөлімше басшысы Мағауия Оразқұлов алдымен жыл басынан бергі көрсеткіштерге тоқтап өтті. «Осы жылдың алғашқы алты айында межелі жоспарды орындап үлгердік. 16 жоспарлы көрсеткіштің 15-і орындалды. Жүк тиеу көрсеткіші 7 пайызға немесе 540 мың тоннаға артты. Бұл өткен жылдың алғашқы жарты жылымен салыстырғанда 25 пайызға артық дегенді білдіреді. Маршрут жылдамдығы 2,5 пайызға жоғарылады», – деді ол. Өңірдің бас теміржолшысы осындай жетістікке осындағы әрбір теміржолшының үлесі бар екенін айта келіп,  әріптестеріне жұмыста сәттілік, отбасыларына бақыт тіледі. Әрі қарай кезек марапатқа берілді. «Құрметті теміржолшы» белгісімен  Қандыағаш станциясының басшысы Нұрибай Сәрсенов, Ақтөбе электрмен жабдықтау дистанциясының электромеханигі Нұрлан Мәмбетов, Ақтөбе станциясының басшысы Нұрлан Ермағамбетов марапатталды. «Адал еңбегі үшін» төсбелгілеріне Қандыағаш, Шалқар, Жем станциясының теміржолшылары ие болды. Бірнеше теміржолшы «Кәсібі бойынша үздік» атанды. «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ президентінің Құрмет грамоталары және Алғыс хаттарымен марапатталғандар да кезек-кезегімен сахна төріне шақырылды. Қарапайым жұмысшылардың әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін қорғау жолында кәсіподақ ұйымдары жұмысының тиімділігін арттыруға қосқан үлесі үшін «Қазкөліккәсіподаққа 25 жыл» мерейлі белгісімен кәсіподақ саласының ардагері Кенжехан Өсімбековті марапаттады. Сонымен бірге, Қазақстан Респубилкасы Инвестиция және даму министрінің Алғыс хаттарымен марапатталғандар да  аз болмады. Салтанатты шара барысында таяуда Астана қаласында марапатталған  «Үздік рационализаторлардың» есімдері де аталды. Жиын соңында марапатталған теміржолшылар естелік суретке  түсті.

Асқар Ақтілеу 

ЖАМБЫЛ  «Түріксіб» кешеніне жиналған жамбылдық теміржолшыларды төл мерекемен құттықтаған  бөлімше директоры Берік Ақшалов әріптестеріне еңбекте табыс тіледі. Бұдан соң аймақ әлеуетін тасытуда сүбелі еңбек етіп отырған сала мамандарын төл меркесімен құттықтаған облыс әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбеков облыс әкімі атынан марапат пен естелік сыйлығын табыстады. Ал Қазақстандық салалық теміржол, автомобиль, әуе және су жолы қызметкерлерінің кәсіби одағы төрағасының орынбасары Жұпарбек Сәбитов биылғы жылы аталған кәсіподақ өзінің 25 жылдық мерей тойын атап өтіп отырғандығын және бірқатар азаматты мерейтойлық төсбелгімен марапаттады.  Сондай-ақ  болат жолда қырық жылға жуық еңбек етіп келе жатқан кәсіподақтың Жамбыл филиалы төрағасының орынбасары Еркінтай Өтешов «Құрметті теміржолшы» төсбелгісімен марапатталды. Бұл құрметті аттаққа сондай-ақ,  Аса станциясының пойыз құрастырушысы Әділ Жаманқұлов пен Шу электрмен жабдықтау дистанциясының директоры Марат Ақботаев та ие болды.  Ал Жамбыл вагон пайдалану депосының вагон қараушысы Сәрсембек Бейсенбаев, Жамбыл электрмен жабдықтау дистанциясының директоры Жүнісбек Табулдиев, Жамбыл локомотив пайдалану депосының машинист-нұсқаушысы Айдархан Қарымсақов, Жамбыл жол дистанциясының жол шебері Есқара Көшербаев «Адал еңбегі үшін» төсбелгілерімен марапатталды. Жамбыл локомотив пайдалану депосының тепловоз машинисі Қуаныш Абдуллаев «Кәсіби бойынша үздік» атанды. Шарада бірқатар теміржолшыларға ҚР Инвестиция және даму министрлігінің, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ президентінің Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттары, атаулы сағаттар табыс етілді. Айтулы мереке облыстық филармония өнерпаздарының дайындаған концерттік бағдарламасына жалғасып, теміржолшылардың балаларына ойындар ұйымдастырылып, балмұздақтар таратылды.  Төл мереке сөзін ақын Әбдрахман Асылбеков, әнін Ескендір Хасанғалиев пен Құрметті теміржолшы Сағымбек Ақшалов жазған «Теміржолшылар» әнімен қорытындылады.

Ерман Әбдиев 

ҚЫЗЫЛОРДА Бұл – ел қазынасын толтыруға қажырлы қайрат жасап, сүбелі үлес қосып жүрген теміржолшылар еңбегі еленген күн болды.  Қызылорда облыстық филормония залында ұйымдастырылған мерекелік іс шараға жиналған теміржолшыларды  бөлімше директоры Аманкелді Арысбаев құттықтап, үш сала саңлағының кеудесіне Құрметті теміржолшы төсбелгісін тақты. –Биылғы «ҚТЖ» ҰК» құрылғанын да 20 жыл болып отыр. Қос мерекені лайықты табыстармен қарсы алған компания заманауи көліктік-логистикалық құрылымдар құруда да еліміздің локомотивіне айналып үлгерді. Осыған сай біздің бөлімше теміржолшылары барлық он алты көрсеткішті орындау барысында өткен жылы екінші орынды иеленсе, биылғы жылдың алғышқы жартысында да осындай биік межені бағындырып отырмыз. Қазіргі таңда он мыңнан астам аймақ теміржолшылары облыс бюджетіне өткен жылы 3 млрд 399 миллион158 мың теңге, биылғы алты айда 3 млрд 023 миллион теңге, ал әр ай сайын шамамен 503 миллион 869 мың теңге көлемінде салық төлеп келеді. Демек біздердің бәріміздің мейлі жолшы, вагоншы, байланысшы болайық, ел экономикасын қазынасын толтыруға бәріңіздің үлестеріңіз мол, сондықтан мерекелік марапатқа бәріңіз лайықсыздар, – деген Аманкелді Арысбаев әріптестерін шын жүректен кәсіби мерекемен құттықтады. Арнайы шақырылған қонақтар қатарында облыс әкімінің міндетін атқарушы Қуанышбек Ысқақов,  «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ибадулла Құттықожаев, қала әкімінің орынбасары Шахмардан Байманов,  Қызылорда көлік прокуроры Тимур Шуленбаев Қызылорда станциясы ЖІІб бастығының орынбасары Ербол Абдрамановтар ізгі лебіздерін білдіріп, теміржолшыларды түрлі марапаттармен марапаттады.    Аға буын атынан Еңбек Ері Оразбай Әбішев те  әріптестерін кәсіби мереркемен құттықтап, Ұлттық компанияның бүгінгі даму үдерісіне ризашылық білдірді. 

Сабырхан СЕЙІЛБЕКҰЛЫ

ШЫМКЕНТ Шымкенттік теміржолшылар биыл да ерледі. Өткен жылғы нәтиже бойынша  өндірістік-шаруашылық қызметте жоғары нәтижелерге қол жеткізіп, пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз еткені үшін «Салалық жарыстың жеңімпазы» атанды. Жылдағыдай «Еуразия» тойханасында өткен теміржолшылардың төл мерекесінде осынау еңбек жеңісі паш етіліп, Шымкент бөлімшесінің  директоры Ермекбай Ермановқа «Үздік басшы» төсбелгісі табыс етілді.   Бөлімше басшысы биылғы жетістіктерге тоқталып, сеніп тапсырылылған жұмыстардың үдесінен шыға білген  ұжымның жұмысына алғысын білдіріп,  сала мамандарын мерекелерімен құттықтап, еңбектеріне табыс тіледі. Әріптестерін биылғы жылы да жеңіс тұғырынан көрінуге шақырды.  Мереке марапатсыз болған ба?!  Биылғы жылы «Құрметті теміржолшы» төсбелгісін иеленген Қорғасын станциясының бастығы Серғазы Сайранбаев пен  Арыс жол дистанциясының  телім бастығы Үсен Жұмановтың мерейі үстем болды.   «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ президенті Қанат Алпысбаевтың атаулы сағатына екі адам ие болса,  4 адам – «Адал еңбегі» төсбелгісін, 3 адам – «Кәсібі бойынша үздік» белгісін, тағы 4 еңбек озаты «Үздік маман» атанды.   Ал Құрмет грамотасы және Алғыс хаттармен марапатталғандарда есеп жоқ. Марапат мерекелік концертке  ұласты.

Айгүл КЕРІМҚҰЛОВА 

АТЫРАУ  Атырауда  өткен мерекелік шарада бөлімше басшысы Бөріхан Беркімбаев теміржолшылардың ерен еңбегінің арқасында  16 негізгі көрсеткіштің 14-і орындалғанын жеткізді. Бөлімше басшысы ҚР Инвестициялар және даму министрінің бұйрығымен «Құрметті теміржолшы» белгісімен марапатталған Атырау жол дистанциясының өндірістік-техникалық бөлімінің бастығы Алмажай Дюржановаға, бөлімше директорының орынбасары Наурызбай Айтжановқа және  зейнеткер-теміржолшы Рахметулла Сағындықовқа наградаларын табыс етті. Ал «ҚТЖ»ҰК»АҚ президенті Қ.Алпысбаевтың бұйрығымен «Адал еңбегі үшін» кеуде белгісі  Ақжайық белгі беру және байланыс дистанциясының директоры Мақсот Тарғыновқа, Атырау вагон пайдалану депосының директоры Арман Қажығалиевқа, Атырау электрмен жабдықтау дистанциясы директорының орынбасары Берік Досжановқа, Мақат локомотив пайдалану депосының тепловоз машинисті Нұриден Халеловке берілді. Сондай-ақ, «Кәсібі бойынша үздік» және «Үздік маман» белгісімен, Ұлттық компания п резиденті Қ.Алпысбаевтың Алғыс хаты және арнайы сағатымен марапатталған теміржолшылар қатары да мол болды.  Атырау жүк тасымалы  бөлімшесінің Кәсіподақ ұйымының төрағасы Орынбасар Райсов  бірнеше теміржолшыны «Қазақстандық салалық темір жол, автомобиль,әуе және су көлігі қызметкерлерінің кәсіби одағына 25 жыл» мерейтойлық төсбелгісімен марапаттады.  

Тұрсын ҚАЛИМОВА

Жаңалықтар
24.07.2024
Кірме жолдарды мемлекеттік меншікке беру рәсімі аяқталды
Әлемде
23.07.2024
Германияда Еуро-2024 кезінде қалааралық пойыздармен 12 миллион жолаушы тасымалданды
Әлемде
23.07.2024
Еуропалық Одақ көлік жобаларына 7 миллиард еуро бөлмек
Жүк тасымалы
23.07.2024
ҚТЖ астық тасымалына дайындығын пысықтауда
Қауіпсіздік
23.07.2024
Атырауда техникалық-әдістемелік сабақ өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
23.07.2024
«Қазақстан теміржолшысы» газеті, №60 23 шілде 2024 жыл
Жаңалықтар
22.07.2024
Қазақстан, Түрікменстан және Ауғанстан жаңа теміржол магистралінің құрылысын талқылады
Инфрақұрылым
22.07.2024
Күрделі жөндеу жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда
Әлеумет
22.07.2024
Теміржолшылардың балалары лагерге аттанды
Спорт
22.07.2024
Қазақстан темір жолының 120 жылдығына орай Таразда спартакиада өтті
Жаңалықтар
22.07.2024
Ауғанстан, Түрікменстан және Өзбекстан делегациясы Бейнеу астық терминалының мүмкіндігімен танысты
Жолаушылар тасымалы
22.07.2024
Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына арнайы безендірілген пойыз жолға шықты
Темір жол тарихы
21.07.2024
«Алатау» жүрдек пойызы қалай пайда болды?
Жаңалықтар
19.07.2024
Жаңа – Есіл локомотив депосының паркі жаңартылды
Жаңалықтар
19.07.2024
Мемлекеттік тілді дамыту бойынша өткен байқаудың жеңімпаздары анықталды
Станция тынысы
19.07.2024
Шағыр станциясында жүк тиеп жөнелту артып келеді
Аймақтар
19.07.2024
«Жасыл істер марафонында» Жамбыл бөлімшесі бірінші орынды жеңіп алды
Жүк тасымалы
19.07.2024
Биыл Қытайға 2 млн тоннадан астам астық экспортталмақ
Сұхбат
19.07.2024
Барлық сын-тегеурінге төтеп бердік
Инфрақұрылым
19.07.2024
11 мың шақырым теміржол жөндеуден өтеді