"Қанатқақты" жоба жемісі

Жаңалықтар
11.08.2017, 10:33
Оқуға 2 мин
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның  «Темір жол көлігі персоналын бағалау және дамыту орталығы» филиалының базасында  Персоналды сертификаттау орталығы  ашылды. Персоналдың кәсібилігін растайтын тәуелсіз жүйе құру бойынша Елбасы тапсырмасын жүзеге асыру шеңберінде екі жарым жылдан бері жүргізілген жұмыстың жемісі бүгінгі жоба  «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп жүзеге асырылып отыр екен.   Аталмыш жоба бойынша  ISO стандартына сәйкес нормативтік құжаттама жасалып, филиал қызметкерлері арнайы  оқытылып, сарапшы-аудитор лауазымына аттестациялаудан өтіп барып, теміржол саласында қызмет ету құқығына ие болды. Осы жылдың шілде айында филиал темір жол көлігі кадрларының  біліктілігін анықтайтын сертификаттау орталықтарының тізіліміне енгізілген. Мұнда техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің түлектері де жеті жұмысшы мамандығына шамамен 40 кәсіптік біліктіліктерін арттыра алмақ. «Қанатқақты» сертификациялау жобасы бойынша М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясының  Ақмола көлік колледжі филиалының түлектері электровоз машинисінің көмекшісі лауазымын алу үшін біліктіліктерін сынаған екен. Бағалау қорытындысы бойынша сынға түскен тоғыз түлектің ішінен үшеуі кәсібиліктерін дәлелдеп, сынақты сәтті тапсырған. Бүгін тұсауы кесіліп отырған орталықтан тұңғыш рет сәйкестік сертификатына ие болып отырған да осылар. Сертификат үш жылға жарамды.   –Персоналды сертификациялау ең алдымен әрине, кәсіби білім беру жүйесі мен кадрлар дайындаудың сапасын арттыруға бағытталған,  соның ішінде  бұл сертификациялау  біздің ұлттық компанияға, оқу орталықтарына, теміржол саласында білім беретін білім ордаларына керек. Бұл жобаны  «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп жасап отырмыз. Мұндағы басты мақсат – жас теміржолшылардың кәсібиліктерін шыңдап, біліктіліктерін арттыру. Сол арқылы мамандықтарына деген сүйіспеншіліктерін оятып, тұрақты жұмысқа тарту. Пилоттық  жобамыздың алғашқы сертификациялауынан үш түлек сүрінбей өтті. Оларды Ұлттық компания жұмыспен қамтамасыз етеді.  Алдағы уақытта теміржол саласында білім алушылар өз еріктерімен осындай сертификациялаудан өтетін болады, – деді «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы Темір жол көлігі персоналын бағалау және дамыту орталығының директоры Марал Марасилов.    –Мұндай сертификатты алғашқылардың бірі болып алып жатқанымызға өте қуаныштымыз. 2 курстан бастап осы жерден дуальды жүйе бойынша білім алдық. Оқудың 30 пайызын теория жүзінде болса, қалған 70 пайызы тәжірибе түрінде өтті. Яғни, біз уақытымыздың көбін отандық теміржол саласындағы өндіріс орындарында өткіздік. Теміржол саласының қыр-сырын терең меңгеруге тырыстық. Соның нәтижесінде, 3 жылға жарайтын сертификатқа қол жеткізіп, өз мамандығымыз бойынша жұмысқа орналасатын болдық, – деп қуанышымен бөлісті ҚазАТК колледжінің түлегі Ерболат Мүсәлі.

Жансая ШЫҢҒЫСХАНҚЫЗЫ

Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК

Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты