Майлытоғайға денсаулық келді   

Жаңалықтар
11.08.2017, 10:39
Оқуға 2 мин
Шілде айының 16 жұлдызынан бастап Сыр өңіріне бет бұрған «Денсаулық» медициналық пойызын біз Майлытоғай бекетінде қарсы алдық.  Артынып-тартынып келген көздің жауын алған қызыл вагондардан құралған пойызды шағын бекет халқы түгел жол бойына шығып күтіп алды. Көпшілікпен амандасып, жұмыс тәртібі мен кестесімен таныстырған дәрігерлер уақыт ұттырмай бірден жұмысқа кірісті. Түске  дейін 98 адамды қабылдап, ем-дом көрсеткен ақ халаттылар алды бос болмады. Түскі үзілістен кейін де қауырт жұмыс жалғасып жатты.  –Ауылға келген дәрігерлердің қабылдауында болып, тексеруден өтіп жатырмыз. Егер осы пойыз болмағанда аудан орталығына сабылып уақыт өткізер едік, осындай пойыздарды ұйымдастырып, бекет тұрғындарына мүмкіндік жасаған азаматтарға, алғысымды жеткізіңіздер, – деп ризалығын білдірді жергілікті тұрғындар атынан Бақытжан Сейітов. «Денсаулық» пойызының бүгінгі құрамында  қызылордалық  9 дәрігер мен 14 медбике қызмет жасауда. Пойыз құрамы бір күнде орта есеппен екі жүзден аса адамды қабылдайды екен. Бұл жолғы «доңғалақ үстіндегі емхананың» бұған дейінгі құрамдардан өзгешелігі балаларға арнайы сый ретінде ойын атракциондарымен жасақталған багаж-вагоны тіркелген екен. Бұл туралы соңғы он жыл көлемінде пойыз бастығы қызметін атқарып жүрген Дүйсен Балымбетов айтып берді.   –Пойыз құрамында 11 жолсерік, 1 электромеханик, 1 дизельші, 4 аспаз бен тіркеме вагондағы атракциондардың операторы Ержан Күренкеевтер қызмет етіп келеді. Аялдаған бекетте  дереу атракциондарды  іске қосып, жергілікті балалар дәрігерге қаралумен қатар асыр салып ойнап қуанып жатыр. Олар үшін аэрохоккей, тир, батут, әткеншектер, столды теннис пен футбол және күш сынағыш секілді атракциондар үлкен тосын сый болуда. Батутты арнайы желдеткіштермен бекет алаңқайына орналастырамыз да бекеттен жүрер алдында қайта жинастырып аламыз, – дейді ойын алаңының жұмысын өзі басқарып жүрген пойыз бастығы. Пойызды қажетті ауыз сумен, электрмен, байланыспен аймақтағы  салалық мекеме теміржолшылары қамтамасыз етсе, вагон сыртындағы қоғамдық тәртіптің сақталуын ӘТЖК күзетшілері қадағалауда екен. 

Сабырхан СЕЙІЛБЕКҰЛЫ, Майлытоғай бекеті

Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты