Жалтырдың жүгі – астық
Жалтыр – елордасы Астанадан 120 км қашықтықта орналасқан 3-ші класты станция. Мұнда 13 кірме жол бар, соның бесеуі элеваторларға апарады. Демек, Жалтырдың басты жүгі – астық тасымалы.
Бірнеше ірі астық қамбалары орналасқан станциядан ұн, бидай үздіксіз тиеледі. Станцияны күні кеше «Құрметті теміржолшы» белгісімен марапатталған білікті басшы Сәкен Жүнісов көп жылдан бері басқарып келеді.
–Біздің станцияда тиелетін ұн, астық Ауғанстанға, Өзбекстанға, Қытайға, Тәжікстанға, сосын әрине ел ішіне, оңтүстік аймақтарға жөнелтіледі. Шамамен айына 400-500 вагонға астық артамыз, ал науқан кезінде 700-800 вагонға жетіп жығылады. Ал бізге келетін жүктің басым бөлігі көмір. Біз арқылы бюджеттік көмір Астрахань ауданында орналасқан мекемелерге таратылады. Үш кірме жолдың екеуі коммерциялық, ал біреуі бюджеттік мақсаттағы көмірді түсіруге негізделген. Сонымен қатар, жанар-жағар май сынды қауіпті жүктермен қатар минералды тыңайтқыштар келеді. Екі кірме жолда металл сынықтары тиеледі, біреуі Қазақстанға, соның ішінде Жаңаауылға, Теміртауға бағытталатын болса, екіншісінен Ресейге, Магнитогорскіге жөнелтіледі, – деп ақпар берді станция бастығы.
Оның айтуынша, үстіміздегі жылдың алты айында барлығы 2550 вагонға жүк тиеліп жөнелтілген. Бірақ, бұл көрсеткіш өткен жылдың есепті мерзімімен салыстырғанда 50 вагонға кем екен. Оның себебін, станция басшысы бидай бағасының төмендеуімен байланыстырып отыр. «Қазір бидай бағасы төмендеп отыр. Сол себепті астық, ұн жөнелту тиімсіз. Жүк жөнелтушілер баға өсімін күтіп отыр. Баға қалпына келісімен жүк тиеу басталады» дейді.
Қазір станцияда алтыншы элеватор салынып жатқан көрінеді. Ол күзде іске қосылады екен, демек жүк тиелімі көлемі де ұлғаймақ. Ал қазіргі сәтте, қарағандылық, батыс қазақстандық, өскемендік, шымкенттік кәсіпкерлердің және «Бетеге-У» жергілікті кәсіпкердікін қосқанда бес элеватор жұмыс істеп тұр екен. Қарағандылықтар мен «Бетеге-У» кәсіпорынының ғана егін салатын жерлері бар. Ал қалғандары бидайды кеңшар, шаруа қожалықтары, агроөнеркәсіп шаруашылықтарынан сатып алып, өз элеваторларына жинап, кейін жер-жерге таратады. Мәселен, шымкенттіктер бидайды бидайтасымалдаушы вагондарға тиеп, Шымқала мен Түлкібаста орналасқан диірмендерге жөнелтеді екен. Элеватор иелері астық пен ұнды Қазақстан аумағымен қатар шетелге де тікелей экспорттауға келісімге отырған. Сондықтан Жалтыр станциясы басынан тиелген бидай өнімдері батыс өңіріне, Ақтау арқылы Иранға, оңтүстік арқылы көрші елдерге де жөнелтіліп жатады.
Сәкен Жүнісов астықтасымалдаушы вагондардың жетіспеушілігіне қатысты әзірге проблема жоқ екенін айтады. Оның айтуынша, қазір вагондардың көбісі жекеменшіктікі. Тіпті, кейбір элеватордың жеке вагондары бар. Айталық, «Бетеге-У» ЖШС өзінің еншілес екі ұйымына Ресейден 200 вагон сатып алыпты. Ол өз астығын тасымалдауға осы вагондарды пайдалануда. Ал қалған жүк жөнелтушілер меншік иелерімен келісімшартқа отыру арқылы вагондарды пайдаланады. Меншік иелері өз кезегінде вагондарды станцияға жіберіп, содан кейін станция бастығы оны жоспарға кіргізеді екен.
–Үстіміздегі жылдың мамыр айынан бастап бізде АСУ ДКР іске қосылды. Бұл жүйе жүк жөнелтушілерге өте ыңғайлы. Тапсырысты онлайн арқылы береді. Олар вагондар станция басына келгенде ғана, оларды тұйыққа жүк тиеуге жөнелтуге келісім беруге ғана келеді. Бірақ, бұл жүйенің бір осал тұсы, түзету енгізу күрделірек. Мәселен, жүк тиеуші бүгінгіге тапсырыс берді делік, ал вагондар 2 күнге кешігіп келді, ондай жағдайда ол құжат ресімделмейді, қайтадан түзету енгізу керек, қайтадан жүк құжатын толтыру керек. Аталған жүйе вагондарға қатаң бақылау жүргізіп отырады, – дейді станция бастығы.
Басшы сөзіне қарағанда, жүк жөнелтушілерге ыңғайсыздық тудырып отырған бір жағдай бар. Ол кедендік қызметтің Жалтырдан жүз шақырым қашықтықта орналасқан Атбасар қаласында және Ақкөл ауданында, ал бидайды талдаудан өткізіп, сараптама жасайтын фитоқызметтің Астраханка ауданында орналасуы.
–Бұл мәселеге қатысты Ақмола бөлімшесінің басшылығы жиналыс өткізді. Бұл мәселені «бір терезе» принципіне ыңғайластырсақ, жүк жөнелтушілерге де, бізге де жақсы болар еді. Фитоқызмет пен кедендік бақылау органы бір жерде отырса, жүк жөнелтушілер ана жаққа бір, мына жаққа бір сабылмас еді. Бірақ, әзірге оны шешу күрделі болып тұр. Жалтырда аталған құзіретті орган филиалдарын ашу үшін қызметкерге еңбекақы төлеп, орын жай жалдау керек, оргтехника, тағысын тағылар қажет. Қаржы бөлініп, бюджетке салыну керек. Дегенмен, қозғалыс бар, қазір Атбасар мен Жаңаесілде «бір терезе» принципімен жұмыс істей бастады. Бізде де бұл мәселе оң шешімін табар ждеп үміттенміз, – дейді станция бастығы.
Сұлугүл БАКЕСОВА
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты