Болсайшы зейнеткердің бәрі осындай...
Зейнет демалысы алдында әріптестеріне волейболдан біріншілік өткізген Қандыағаш вагон пайдалану депосының вагон жөндеушісі Жұмабай Отарғалиевтің бастамасы көпке үлгі.
Пайғамбар жасына толып, еңбек демалысына шыққалы отырған теміржолшы осы күнді елеусіз қалдырмауға тырысып, теміржолшы ардагерлер арасында волейболдан біріншілік ұйымдастырды.
Ақтөбе көлік, коммуникациялар және жаңа технологиялар колледжінің спорт залына Ақтөбе жүк тасымалы және магистральдық желі бөлімшесінің, жол дистанциясының ардагерлері үш топ болып ойнады. Белсенді қариялардың ширақ әрі шиеленісті ойынын қызықтағандар зейнет жасында болса да шаршы алаңда алқынбай жүгіріп жүрген аға буынның қимыл-қозалысына риза болып, қол соқты. Үш команда да тең түскен ойын «достық жеңді» нәтижесімен қорытындыланды.
Шараның ойдағыдай өтуіне атсалысып, ардагерге қолдау жасаған кәсіподақ комитеті өкілдері ардагерлерге Алғыс хаттар мен сыйлықтарын табыстап, мерейтой иесіне оның есімі жазылған жейде мен шолақ шалбар тарту етіп, зейнетке шықса да спорттық шаралардың басы-қасынан табылыңыз деген тілек айтты.
Жастайынан спортты серік етуінің арқасында әлі күнге өзін тың ұстайтын Жұмағұл ақсақал да әріптестерін құр алақан қайтармай, естелк сыйлықтар таратты.
«Теміржолда 40 жыл еңбек еттім. Атырау облысында туып өскенмін. Пойыз құрастырушы болдым, станцияда еңбек еттім. Жол салуға қатыстым. Хромтау – Алтынсарин мен Шалқар – Тассай теміржолының құрылысында еңбек еттім деп мақтана аламын. Міне, Қандыағаш вагон депосынан зейнетке шығып барамын», – деген Жұмабай Отарғалиев зейнеткермін деп үйде отырмайтынын, қоғамдық жұмыстарды тастамайтынын, оның ішінде, спорттық шараларға белсене атсалысатынын жеткізді. Алдағы уақытта Бурабайда сала ардагерлері арасында өтетін ауқымды спорттық шараға қатысып, Ақтөбе өңірінің намысын қорғамақшы.
Асқар Ақтілеу, Ақтөбе
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты