Біліктілік сынында бәйге алды
Бүгінде Жамбыл теміржолына қарасты 61 станция мен 17 құрылымдық бөлімше бар. Олардағы пойыздар қозғалысы мен жүк ағымы көлемін қамтамасыз етуге 12 000-нан астам адам еңбек етіп келеді. Олардың арасында жастардың үлесі басым.
Жастық жігері мен жалынын ел экономиканың күретамырына айналған темір жолмен байланыстырған жас маманның бірі – Алмаз Анарбаев теміржолшы кәсібі бойынша филиал директоры Берік Ақшаловтың бастамасымен тұңғыш рет ұйымдастырылған бөлімшеаралық байқаудың жеңімпазы атанды.
Сегіз жылдан бері Талас станциясында пойыз құрастырушы болып еңбек ететін маманның бұл алғашқы жеңісі. Темір жол қызметінің сан түрлі саласында қызмет ететін мамандардың біліктілігі сыналған байқауда қара үзу тіпті де оңай емесі белгілі. Әрине, темір жол саласындағы пойыз құрастырушы мамандардың кәсіби біліктілігі күн сайын сынға түседі. Салмағы 70 тоннадан асатын вагондарды бір-бірімен байланыстыру, оларды бағытына қарай реттілікпен түзу, ең бастысы вагон құрастыру кезіндегі қауіпсіздік шараларын сақтау, олардың келесі станцияға дейін ақаусыз жетуі дәл осы пойыз құрастырушы мамандардың біліктілігіне байланысты.
– Әкем теміржолшы. Сондықтан, станцияда өмірге келген соң көзімізді ашқалы көргеніміз темір жол. Әуелі Тараз теміржол колледжіне, кейін М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде «Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалды ұйымдастыру» мамандығы бойынша білім алдым. Мұндағы мамандығым – пойыз құрастырушы. Біз негізінен жүк вагондарын пойыз желісінен бөліп алу және қайта бекіту жұмыстарымен айналысамыз. Сонымен бірге, пойыздарды жүк вагондарының салмағына, бағытына қарай жинақтау да біздің міндетімізге жатады. Жүк вагондарын бөліп алғаннан соң оны тиісті жолға қою, тежегіштермен бекіту жұмыстары да бізге тиесілі. Мәселен, станцияның дәл жанындағы қант зауытына келген шикізаттар тиелген вагондарды негізгі құрамнан осы станциядан бөліп аламыз. Сол секілді, зауыттың дайын өнімі тиелген вагондар да еліміздің барлық аймағына осы станция арқылы жөнелтіледі. Сәйкесінше, вагон құрастырушылар осы вагондардың негізгі құрамға мықтап бекітілуін және жолға әзірленген вагондардан тежегіш құралдарының толықтай алынып тасталуына жауап береді. Станция кезекшісінен жүк вагондарын тіркеу немесе босатып алып қалу туралы тапсырма түскен бойда іске кірісеміз. Салада жүрген сегіз жыл мен үшін тәжірибе жинақтау, кәсіби жағынан өсу болды, – деген жас жігіт басшылықтың жас мамандарға қолдау көрсетіп отыратындығына дән риза.
Байқау жеңімпазы ретінде Алмаз Анталияда демалып келді. Бұл байқау келесі жылы да жалғасын табатын болса, талай жігіттер жүлдегер атануға барын салуға құлшынып отырған көрінеді.
Ерман Әбдиев, Жамбыл
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді