Кәсіби шеберлігі үшін
Бүгінде мемлекет тарапынан қолдау көріп, жаңғырту мен дамуды қатар жүргізіп отырған теміржол саласында кәсіптің қай-қайсысы да маңызды.
Әйтсе де әлімсақтан қозғалыс саласының мамандарына жүктелер жауапкершілік ерекше.
Соның ішінде станцияға келген-кеткен пойыздарды қабылдап-жөнелтіп, маневрлік қозғалысты қамтамасыз етіп отыратын станция кезешілерінің еңбегі ала-бөтен. Пойыздарды құрастыру, тарату, өткізу, жөнелту, қабылдау бойынша ауысымдық жоспарды орындау әр станция кезекшісінің міндеті. Сондықтан қозғалыс салсындағы ерекше тұлға бұл кәсіп иелеріне талап та жоғары. Біздің бүгінгі кейіпкеріміз Бахыт Қарымсахова Атырау станциясының кезекшісі.
Биыл төл мерекеде «Жоғары кәсіби шеберлігі және ерекше сіңірген еңбегі үшін»
«ҚТЖ»ҰК» АҚ президенті Қ. Алпысбаевтың Құрмет грамотасын алған станция кезешісінің саладағы еңбек өтілі 37 жылды құрайды.
Ақтөбе теміржол техникумын «Теміржолдарды пайдалану» мамандығы бойынша бітіріп, 1980 жылы еңбек жолын Доссор станциясында станса кезекшісі болып практикадан өтіп бастаған жас қыз одан кейін Опорный станциясында станция кезекшісі, Ганюшкино станциясы кезекшісінің көмекшісі болып еңбек сынақтарынан өтіп барып, 1982 жылы Атырау қаласындағы Атырау станциясында ауысып келеді. Алдымен оператор болып бастап, 1990 жылдан күні бүгінге дейін стация кезекшісі қызметін абыроймен атқарып келеді. Ол өзінің бір орындағы ұзақ жылғы еңбегін мамандығына деген қызығушылығымен байланыстырады.
-Жылыой ауданында дүниеге келгенмін. Отбасымызда апам Надежда Ақсарай станциясында тауар кассирі болып еңбек етіп,өткен жылы зейнеткерлікке шықты. Екінші теміржолшы – мен. Мені теміржол мектепте оқып жүргенде-ақ қызықтырған, мамандығымды жақсы көремін. Біздің жұмыстың өз қиындығы бар. Пойыздарды қабылдау, маневрлік жұмыстарды атқару, пойыздарды үздіксіз қабылдау үшін жолдардың бостығын қамтамасыз ету, кезекті құрамды тарату үшін сұрыптау жолдарын дайындау, қозғалыс графигіне және жедел жоспарға сай ауысымның басында жүк аудандарына вагондарды беру немесе құрамды дайындау сынды толып жатқан қат-қабат жұмыстарды шатастырмай, шапшаң да уақтылы жүргізіп отырсаң, еш қиындық жоқ. Ал сәтті өткен әр ауысымнан соң көтеріңкі көңіл күймен үйге ораласың. 90-жылдардағыдай емес, қазір орталықтандырылған белгі беру жүйесі арқылы басқару тетіктерімен жұмыс істейміз. Дегенмен сақтық үшін әркез кез-келген тұтқиыл жағдайға байланысты тығырықтан шығар жолға дайын болып отырамыз, онысыз болмайды, өндіріс болған соң әр түрлі жағдай болуы мүмкін, -дейді Бахыт Рашидқызы кәсібі жайлы сыр тарқанымызда.
Осындай қиын да жауапты жұмысты атқара жүріп отбасы шаруасына да мығым Бахыт күйеуі Марат екеуі үш ару қызды өсіріп отырған бақытты шаңырақ иелері.
Тұрсын ҚАЛИМОВА,
АТЫРАУ
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді