Разъезде  тұратын апай

Жаңалықтар
15.08.2017, 12:22
Оқуға 3 мин
Дариға апай Ақтөбенің Мәртөк ауданына қарасты №34 разъезде тұрады. Теміржолда қырық жылға жуық еңбек еткен зейнеткер сонша жыл бауыр басып кеткен жерін қимайды.  Жуырда жетпіс жасқа толған ардагерді мерейтойымен және теміржолшылар күнімен құттықтап, тұрмыс-тіршілігімен танысып қайтқан едік. Күре жолдың бойындағығы жалғыз үйлі разъезде тұратын  Дариға апай жыл он екі ай қонақсыз емес. Өткен-кеткен теміржолшылар міндетті түрде бас сұғып, апайдың қолынан күрең шай ішіп, реті келсе қонақжай шаңырақта қона жатып кетеді екен. Осы жасқа келсе де тың, шаруасын дөңгелентіп отырған жанның ауласы қаз-үйрекке толы, бақшасы жайқалып тұр, көкөнісін түгел өзі өсіреді. Қолы қалт еткенде жақын маңнан қарақат жинап, тоспа қайнатады. Электрлі ұршығымен жіп иіріп, қысқа шұлық тоқиды. Қысқасы, өмір бойы бір тыным таппайтын теміржолшы тірлігі зейнетке шыққанда да қарап отырмайтын дағды қалыптастырған. Бүгін де дастарханына еті мен бауырсағы, көкөнісі мен пісірілген қаз-үйрегін қойып,  қонақтарын құшақ жая қарсы алған апайды қос мерекесімен құттықтап барған тек  біз,  теміржолшылар болмадық, «Әкеміздің көзін көрген апамыз» деп  аранйы құттықтап сонау қаладан құқық қорғау органының бір басшысы мен жасөспірімдер үйінің директоры келді. Дариға апай былтыр денсаулығы сыр беріп ауруханада жатқанда электр желісіндегі қысқа тұйықталу салдарынан үйі өртеніп, барлық дүние-мүлкі, құжаттары жанып кеткен болатын. Сонау патша дәуірінде, өткен ғасырдың алғашқы жылдарында салынған сүйегі мықты ғимараттың қабырғалары ғана қалған. Содан зейнеткердің баспанасын қайта тұрғызуға бүкіл ел атсалысты. Ақтөбедегі темір бөлімшелерінің басшылары бір кісідей жұмылып, материалдық көмек көрсетті. Арнайы жұмыс қолын бөліп, жөндеу жұмыстарын жүргізіп берді.  көмек қолын созды. Ал кеңседе отырған қыз-келіншектер апайдың ән тыңдағанды жақсы көретінін біліп, музыкалық орталық сатып алып беріпті. -Балаларым өскен соң қалаға кетті. Бір қызым Мәртөкте тұрады. Бәрі шақырады, көшіріп аламыз, жүр деп. Бірақ маған  шалым екеуміз тұрған осы разъездегі тірлік қымбат, қимаймын. Шалым қайтса да, разъезден кеткім келмейді. Шүкір, елдің ортасы ғой. Айналада теміржолшылар бар. Мәртөкке, Ақтөбеге балаларыма барып тұрам, немерелерім азық-түлік әкеліп тастайды. Одан қала берді, «көз көрген» деген осы шығар, теміржолшылар қолынан келген қамқорлығын жасап, қысылғанда қол ұшын созудан танған емес, шүкір дәріне ризамын, - дейді Дариға апай. Талай жыл станция кезекшісі болған, вагон операторы қызметін атқарған Дариға Жақсылықованың жолдасы  Сәбит Зұпаров жол шебері болған екен. Ерлі-зайыпты теміржолшылар ел-жұртына сый-құрметі артқан қадірлі жандар болғанын көз-көргендер айтып отырады. Бүгін де міне, 70 жасқа толып отырған теміржол саласының ардагерін құттықтап жол бойындағы жалғыз үйлі разъезге арнайы барған кәсіподақ өкілдері зейнеткерге бөлімше басшысының  арнайы сәлемі мен ізгі тілегін жеткізді.

 Асқар Ақтілеу, Ақтөбе 

Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді