Теміржолшылар су тасқыны кезеңіне дайындық бойынша кешенді іс-шаралар өткізуде

Жаңалықтар
19.03.2025, 09:47

Көктемгі маусымның басталуымен бүкіл ел бойынша жол дистанциясының қызметкерлері пойыздардың қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ете отырып, темір жолдары мен жасанды құрылыстарды мұзды және тасқын суларды өткізуге дайындау бойынша профилактикалық және ұйымдастырушылық-техникалық іс-шараларды белсенді жүргізеді, деп хабарлайды Rail-news.kz.  

Теміржол төсемінің үстінде орналасқан бөгеттер мен су қоймалары ерекше бақылауда. Магистральдық желі қызметкерлері жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп осы объектілерді үнемі тексеріп отырады. Оңтүстік, батыс және шығыс өңірлерде шайып кетуге қарсы пойыздар толығымен қалыптасып, барлық жасанды құрылыстар тазартылды.  

Павлодар облысында үш шайып кетуге қарсы пойыз құрылды, олардың құрамында аспаптары мен арнайы киімдері бар жабық вагондар, рельсті пакеттері, кесек тастар мен шпалдар артылған платформалар бар. 35 ықтимал қауіпті орын бақылауда, Селеті өзенінде бұрғылау-жару жұмыстары жоспарланған.  

Семей магистральдық желі бөлімшесінде Өскемен -1, Күмістау, Семей, Жаңа-Семей, Аягөз станциялары бойынша орналасқан шайып кетуге қарсы бес пойыз құрылды. Олардың құрамына аспаптары бар жабық вагондар, кесек тастары бар платформалар, шпалдар және рельс пакеттері кіреді. 442 көпір, 390 су өткізгіш құбыр, 236 км шұңқыр және 111 км таулы арықтарды қардан тазарту жұмыстары жүргізілуде. Сегіз су қоймасына тексеру жүргізіліп, су тораптарының шлюздері тексерілді.

Семей өңірінде Уба өзенінде мұзды ұсақтау және НУК-Алтай учаскесінде қар көшкінін түсіру бойынша бұрғылау-жару жұмыстары жүргізілді. Сондай–ақ, Есіл өзенінде Есіл-Приишим аралығының 29 шақырымында мұзды ұсақтау бойынша бұрғылау-жару жұмыстары орын алды.  

Бүкіл ел бойынша жол дистанциясы, дабыл, байланыс және электрмен жабдықтау қызметкерлерінің тәулік бойғы кезекшілігі ұйымдастырылды. Диспетчерлік бақылау орнатылды, Төтенше жағдайлар департаментімен өзендер мен су қоймаларындағы судың болжамды деңгейі туралы тұрақты ақпарат алмасу жүргізілуде.  

Қорғаныс министрлігінің өтінімі бойынша Қапшағай станциясынан понтон көпірі мен ілеспе техникасы бар құрам Шұбар-Құдық станциясына жөнелтілді. Оны тасымалдауға сегіз платформа қатысады.  

Темір жолдағы су тасқыны жағдайы бойынша тұрақты болып қалады. Барлық ықтимал қауіпті учаскелер жасанды құрылыстар арқылы еріген сулардың өтуін бақылау және теміржол инфрақұрылымының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін тұрақты айналма жолдармен және қосымша айналма жолдармен қамтылған.  

Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты
Жолаушылар тасымалы
28.09.2026
Пойызға қандай заттарды алып кіруге болмайды?
Инфрақұрылым
28.09.2026
Бозшакөл станциясында бағыттамалық бұрмалардың жаңа конструкциясы қолданылды
Әлемде
28.09.2026
InnoTrans көрмесінде Luna түнгі пойызының тұжырымдамасы таныстырылды
Сұхбат
28.09.2026
Қазақстанда теміржол өнімдерін өндіру жеті есе өсті
Аймақтар
26.09.2026
Жезқазғанда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
26.09.2026
Автоматика жүйесін жаңғырту жалғасуда
Аймақтар
26.09.2026
Желі бойында жүйткіген «жедел жәрдем»
Жаңалықтар
26.09.2026
ҚТЖ Әзірбайжан халықаралық инвестициялық форумында ТХКБ-ны дамыту перспективаларын ұсынды
Қауіпсіздік
26.09.2026
Ақтөбе бөлімшесінде 115 теміржол нысаны тексерілді