Жиренайғыр – Қопа телімі қос жолды!
Алматы-1 – Шу телімінің Жиренайғыр – Қопа аралағындағы 30 км жол толықтай бітіп, қос жолды телімге қосылды. Соңғы үш-төрт күнде алынған «техникалық толаскездер» жұмыс көрігін қыздырып, қос станция аралығындағы екінші жолдар құрылысын толық аяқтап, сәрсенбінің сәтіне пойыздар қозғалысына жол ашты.
Төрт жұмыс күнінде құрылысшылар аса ауқымды жұмыс көлемін игерді десек болады. Айта кетейік, екінші жолдың пайда болуымен аралықтағы Саз станциясы өзінің қызметін тоқтататын болды. Сондықтан толаскез кезінде ондағы стрелка бұрмаларын шешіп алып, жол төсеу, басқа да байланыс желілері мен материалдарды жинастырып, рельс-шпал торларын нығыздап, түзету, қиыршық тас төгу, тағысын тағы толып жатқан жұмыстарды құрылысшылар уақыт ұттырмай шапшаң қимылмен жүргізіп жатты. Құрылысшылармен қатар, энергетиктер мен байланысшылар да өз жұмыстарын атқарып жатыр, жол бойындағы белгі беру құрылғылары, тоқ көзі мен түйіспе желілерінің жұмысына жауап беретін олар да уақыттан ұтылмауға тырысуда.
Құрылыс компаниясы жол жұмыстарын белгіленген уақытта бітіру үшін үлкен техника және адам күшін жұмылдырыпты. «Жетіген» жол машиналары станциясының бірнеше бригадасы мен екі рельс төсейтін кран, стрелка бұрмаларын демонтаж жасайтын DESEC пен австриялық және француздық техникалардың сапалы жұмысын Алматы магистральдық желі бөлімшесі өкілдерінің қырағы көзінен тыс қалмауда. Ауқымды жұмыс көлемін сенбі мен жексенбі күндері атқарған құрылысшылар еңбегіне теміржолшылар да жоғары баға берді.
Дүйсенбіде тақ жолдар ашылған болса, сейсенбінің кешінде жұп жолда да жол жұмыстары толық аяқталды. Сәрсенбінің таңында жолды, бағдаршамдар мен байланыс қызметін тексеру үшін тепловоз жүріп өтті. Түске қарай энергетиктер қуат көзін қосып, қозғалысшылар бағдаршамның «жасыл» көзін жақты. Қос жолды телімде қозғалыс ашылды...
Ирина БЕКТИЯРОВА
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді