Ынтымақтастықтың жаңа көкжиегі
Жаңалықтар
18.08.2017, 10:41
Тамыздың 15 күні «ҚТЖ» ҰК» АҚ бас ғимаратында Компанияның Бас инженері Батыр Қотырев пен Қытай Халық Республикасы Ганьсу Халық Үкіметінің вице-губернаторы Хуан Цзян басқарған екі ел делегациясы кездесті.
Тараптар Қытайдан Қазақстан аумағы арқылы Еуропаға, Орталық Азияға, Иран мен Түркияға және кері бағытта контейнерлік тасымалды ұйымдастыру саласында, сондай-ақ, «Қорғас – Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағына инвестиция тарту саласында ынтымақтастықты дамыту туралы сөз қозғады.
Ұлттық компания бас инженері 2016 жылдың қорытындысы бойынша Қытайдан Еуропаға және кері бағыттағы контейнерлік тасымалдың 2011 жыл деңгейіне қарағанда 100 есеге дейін өскенін, ал 2020 жылға қарай контейнерлік тасымал көлемін 2 млн ЖФЭ-ге жеткізу көзделіп отырғанын атап өтті.
–Бүгінде Қытайдан Еуропаға контейнерлік тасымал 15 тұрақты бағдар бойынша жүзеге асырылып, жалпы жүкті жеткізу уақыты 15 күн шамасын құрап отыр. Егер статистикалық деректерге жүгінсек, өткен жылы Қытай мен Еуропа арасындағы контейнерлік тасымал көлемі 2015 жылмен салыстырғанда екі есеге артқан. Ал биылғы жылдың 7 айында бұл бағыттағы көлем өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда екі есеге көбейіп отыр. Яғни, Қытай – Еуропа бағыты бойынша 633 пойыз құрамында 55 772 контейнер ЖФЭ, ал Еуропа – Қытай бағытында биылғы жеті ай ішінде 382 пойыз құрамында 32 406 контейнер ЖФЭ тасымалданды, – деп соны ақпармен бөлісті ҚТЖ бас инженері.
Өз кезегінде қытайлық мәртебелі мейман Хуан Цзян қазіргі кезде Ганьсу аймағы халықаралық логистиканы дамытуда қарқын алып жатқанын және Қытайдың халал индустриясының орталығы болып табылатынын жеткізді.
–Біздің делегация Қазақстанға, елордасы Астанаға және ҚТЖ компаниясына бірінші рет келіп отыр. Маусым айында біз Ланьчжоу қаласында «ҚТЖ» ҰК»АҚ президентімен кездесіп, келіссөздер жүргіздік және Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойдық. Бүгінде Ганьсу провинциясы арқылы Ланьчжоу қаласынан Чуньцин қаласына оңтүстік темір жол желісі тартылып жатыр. Яғни, бұл жол Қытайдың солтүстік батыс бөлігін оңтүстік шығыс бөлігімен байланыстырады. Бұл темір жол тармағының келешегі зор. Осы жол арқылы Вьетнамнан тропикалық жемістер, теңізөнімдерін, тағысын тағы жүктерді Қазақстанға және Қазақстан аумағы арқылы Еуропаға, Орта Азия елдеріне жеткізу мүмкіндігі туады. Жаңа жол 600 км қашықтықты қысқартады. Және де ең бастысы, осы жол арқылы жүк жөнелтушілерге 30 пайыздық жеңілдік қарастырылып отыр. Ол теңіз көлігімен бәсекелестікке төтеп беру үшін жасалып отыр, – деді Хуан Цзян.
Бұдан кейін Ганьсу провинциясы делегациясының өкілдері Ақсу және Ақтоғай станцияларында «Қазақмыс» компаниясымен өтетін кездесуге ҚТЖ өкілдерінің қатысып, мыс кені, тағысын тағы жүктерге қатысты тасымалды ұйымдастыруда бірлесе шешім қабылдауға өтініш жасады.
«ҚТЖ» ҰК»АҚ мен Ганьсу провинциясы арасындағы ынтымақтастыққа қайта оралған «ҚТЖ» ҰК»АҚ президентінің кеңесшісі Аманжол Ибрагимов, жақында 10 тамызда Ланьчжоу қаласында ҚТЖ тарапынан «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА және Қазақстанның транзиттік мүмкіндіктеріне қатысты тұсаукесер жасалып, оған аталған аймақтың 70-тен астам компаниясының делегациясы қатысқанын тілге тиек етті.
«Қазіргі кезде, бізде екі бағыт бар, оның бірі Сіз атап өткен халықаралық логистика. Біз осы бағытта Ганьсу провинциясында салынып жатқан Жаңа халықаралық логистикалық хабты аралап, аталған хабта бой көтеріп жатқан инфрақұрылымдық имараттардың құрылыс жұмыстарының куәгері болдық. Қазіргі кезде хаплықаралық контейнерлік терминал мен бірмезгілде 20 мың автокөлікті сақтай алатындай қуаты бар жеңіл автокөліктерді тиейтін арнайы терминал пайдалануға беріліпті. Екіншіден, сіздерде аймақ өнімдерін өңдеп, әрмен қарай тұтынушыларға жеткізілімін ұйымдастыру үшін Халықаралық бажсыз аймақ құрылысы жүріп жатыр екен. Онда бірқатар нысандар пайдалануға берілген. Соның қатарында контейнерлік терминал бар. Егер екі терминалдың жұмысын ескерсек, біріншісі, халықаралық логистикалық орталық, екіншісі, бажсыз аймақ, онда қазір олардан аптасына 4 пойызға дейін Орта Азия елдеріне жөнелтіліп отыр. Біздің тағы бір білетініміз, Ганьсу провинциясы басшылығы жыл соңына дейін тәулігіне 1 пойыздан жөнелтуді жоспарлап отыр. Әлбетте, «ҚТЖ» ҰК»АҚ осы транзиттік контейнерлік пойыздарды ел аумағы арқылы өткізуді ұйымдастыруға көмектесетін болады. Біздің екінші бағытымыз, Гансу провинциясы басшылығын «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА-на инвестиция сала отырып, бірлесіп жұмыс істеуге шақыру. Бұл бағытта да ынтымағымыз жарасса, нұр үстіне нұр болары анық. Сондықтан Ганьсу провинциясының ресми делегациясын «Қорғас – Шығыс қақпасы» аранайы экономикалық аймағын аралап көруге шақырамын», – деп ұсыныс-тілегін білдірді «ҚТЖ» ҰК»АҚ президентінің кеңесшісі Аманжол Ибрагимов. Тараптар кездесу соңында ескерткіш сыйлықтармен алмасып, бірлесе жұмыс істеуге ниетті екендерін жеткізді.
Сұлугүл БАКЕСОВА
Трансформация
20.08.2026
Қазақстанда локомотив пен вагон өндірісі еселеп өсті
Жаңалықтар
20.08.2026
Қазақстан Орталық Азияның теміржол желісін жаңғыртуға негізгі үлесті қосуда
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ ALT University-мен ынтымақтастықты дамытуда
Әлемде
20.08.2026
Қытай 2026 жылдың алғашқы жеті айында жолаушылар ағыны бойынша жаңа рекорд орнатты
Жаңалықтар
20.08.2026
Жыл басынан бері пойыздардың 44 әйнегі сынған
Әлемде
20.08.2026
Қырғызстан неліктен «Қытай - Қырғызстан - Өзбекстан» теміржол жобасының ұзын әрі қымбат бағытын таңдады?
Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда теңіз жүк тасымалының көлемі 7,2%-ға өсті
Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда жылу беру маусымына дайындық аясында 19 млн тонна көмір тасымалданды
Әлемде
19.08.2026
Еуропада жүк вагондарының дөңгелектерін тексеру талаптары күшейтіледі
Жаңалықтар
18.08.2026
Еліміздің алты өңірінде 2 мыңнан астам жүргізуші ҚТЖ-ның «Қауіпсіз өткел» акциясына қатысты
Жолаушылар тасымалы
18.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ пойыздарымен 7,5 млн жолаушы тасымалданды
Әлеумет
18.08.2026
ҚТЖ: отандық өндірушілерді қолдайды
Аймақтар
18.08.2026
Жүктемесі жоғары өткелдерде рейд өтті
Аймақтар
18.08.2026
Басты өлшем – қозғалыс қауіпсіздігі
Аймақтар
18.08.2026
Бурыл станциясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Қауіпсіздік
18.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар өткелдердегі қауіпсіздікті күшейтуде
Аймақтар
18.08.2026
Мал басу азайды
Аймақтар
18.08.2026
Еңбек заңнамасы талқыланды
ҚТЖ келбеті
18.08.2026
Коллекционер теміржолшы
Аймақтар
18.08.2026
Торқалы тоқсанға келген теміржолшы