Тұғырда тұрған тарих 

Жаңалықтар
18.08.2017, 10:52
Оқуға 2 мин
Қазақстан темір жолының өн бойында, станция мен депо аулаларында, көрнекі жерде тұғырда тұрған көне отарбалар жүз жылдық тарихтың символы іспетті, Аспан асты мұражайының ең басты экспонаты  теміржолшылардың үлкен мақтанышы. Жамбылдық теміржолшылар да Жамбыл локомотив депосының ауласында орналасқан тарихи ескерткіш  паровозды қатты құрметтейді. Тарихқа үңілсек, сонау өткен ғасырдың жетпісінші жылдарының ортасы Жамбыл локомотив депосының ардагерлері бастамасымен теміржолшылар еңбегіне лайықты құрмет - ескерткіш қою қолға алынады. Депода музей ашылып, аулаға  Түрксібтің көзін көрген Э№4161 паровозы қойылады. Мұны кешегі аталар дәстүріне тағзым, бүгінгі ұрпаққа аманат деп түсінген теміржолшылар зор мақтаныш еткен. Алайда Қазақстан теміржолының 110 жылдығына орай, ұлттық комманияның шешімімен Таразда тұрған э№4161 тарихи паровозы Астана төріне апарып орнатылды.  Ал Таразға Л№3576 паровозы әкеліп орнатылды. Осылайша паровоз орнатылған кешен өз келбетін жойған жоқ. Алайда соңғы кезде жамбылдық теміржолшылар алаңдаулы. Оған себеп, кәсіпорынға Курорт Бурабай станцисындағы «Рауан-Бурабай» ЖШС директоры Р.Махаевтен келген хат болып тұр. Хат мазмұнында «Жамбыл локомотив пайдалану депосының аумағында орналасқан паровоз-ескеркіш «Рауан-Бурабай» ЖШС балансына қарайды. Серіктестік басшылығы алдағы уақытта паровозға демонтаж жүргізіп, маталломға өткізуді жоспарлап отыр» делінген. Темір сынығын өткізуге басқа нысан табылмағаны ма? Осы хаттың негізінде бүгінгі күні Жамбыл жол бөлімшесінің әкімшілігі тиісті орындарға хат жолдап,  теміржолшылардың мақтанышына  айналған паровоз-ескерткішті тұғырынан тайдырмауға әрекет жасап жатыр. -   Өз кәсібін сүйген, өнегелі аталар жолын ұстанған әрбір  теміржолшы үшін  бұл ескерткіш қасиетті де қастерлі. Біз жылда теміржолшылар күні  бала-шағамызбен, немерелерімізбен суретке түсіп, өткеннен естелік айтамыз. Салтанатты шаралар өткізіп, ары-беріден соң  теміржолшылардың жай бас қосып әңгіме шертетін жері де осы.  Ендеше,  әрбір теміржолшы әулетінің, қарапайым жұмысшының тағзым етер жәдігеріне неге қиянат жасаймыз, бұзылмай сақталса деп өтініш айтамыз.  Дәстүр үзілмей,теміржолшылар қалыптастырған құндылықтар жоғалмауы тиіс,- дейді осы жаңдайға байланысты пікір білдірген  Құрметті теміржолшы Сағымбек Ақшалов.

Ерман Әбдиев, Жамбыл

Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді