Маңғыстаулықтар мерейі үстем
"Самұрық-Қазына" АҚ компаниялар тобының батыс өңіріндегі қызметкерлері арасында өткен V Спартакиаданың аумақтық іріктеу ойындары мәресіне жетті. Онда Маңғыстау теміржолшылары спорттың алты түрінен жеңімпаз болып танылды.
Екі күн бойына түрлі саланың өкілдері арасындағы тартысты бәсекеге толы өткен жарыс спорттың жеті түрі бойынша өрбіді. Соның жетеуіне де жоғары белсенділікпен қатысқан маңғыстаулық теміржолшылар алтауынан жүлделі орын алып, суперфинал жолдамасына ие болды. Олар Маңғыстау жүк тасымалы бөлімшесі мен Маңғыстау магистральдық желі бөлімшесінің командалары және жеке ойыншылары. Жасы да, жасамысы да бар, спартакиадаға барлығы жетпіс теміржолшы қатысты.
Жарыс нәтижесінде волейболшылар мен киберспортына қатысушылар сегіз команда арасында 3-орынға ие болса, стритболдан теміржолшылардың қоржыны 3,4 орындармен толықты. Армреслингтен ер азаматтардың қанжығасы 2-орынмен майланса, әйелдер еншісіне бір 2-орын мен екі 3-орын бұйырды. Жүлделі орындарды Абылай Жексенбаев, Ботакөз Жұмағалиева, Айгүл Аяпова, Меруерт Сүлейменовалар алды. Үстел теннисінен финалға шығуға лайықты ойын көрсеткен Ләззат Сисенова болды. Бәрінен де шахматшы қыздар асып түсті. Шебер ойын өрнегін көрсеткен Шолпан Валиева 1-орынға ие болса, Сәуле Жұмаханова 3-орынды қанағат тұтты.
– Биыл Спартакиада тарихында болмаған жаңалық енгізілді. Ойындардың қатарына киберспорт қосылды. Заман дамыған сайын мекемелердің базасына хакерлік, кибер шабуылдары болып тұрады. Сондықтан оған төтеп беру үшін ойлап табылған спорт түрін теміржолшылар арасында дамытуға ерекше назар аударудамыз. Бүгін 12 адамды дайындап келдік. Олардың жаттығуы үшін "АриZona" клубынан мүмкіндік берілді, жұмыстан уақыт бөлінді, – дейді Маңғыстау теміржолының спорт нұсқаушысы Нұрайна Қыдырова.
Шахида Жұман,
Маңғыстау
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді